АҢЫЗДАРДЫ ТЕРІСКЕ ШЫҒАРАМЫЗ Ет қосылған картоп жемеңіз Ет қосылған картоп – батыстың үйреншікті асы. Ол АҚШ-тың ауылшаруашылық орталығы – Небраска штатында туып-өсті. Картоп пен ет оның ас мәзірінің негізін құрайтын. Оған да, басқаларға айтылғандай, «мықты әрі денің сау болуы үшін ет қосылған картоп же» дейтін. Алайда осы екі өнім жалпы әлемдік семіздік эпидемиясының негізгі себепшісі болып табылады. «New England Journal of Medicine» журналында жарияланған аса ауқымды зерттеулер нәтижесінде, қуырылған картоп пен чипсы өңделген және қарапайым тәсілмен пісірілген етке қарағанда, салмақты көбірек қосатыны анықталған. Солай бола тұра, адам баласы кез келген тәттіге қарағанда, картоп пен еттің қосындысынан семіздікке көбірек ұшырайтыны белгілі болды. Картоп пен етті көп жемеуге тырысыңыз. Зерттеу нәтижелеріне қарайтын болсақ, өңделген ет (мәселен, бекон мен шұжық) ер адамдар ішінде асқазан асты бездерінің обырына ұшырау қаупін 19%-ға арттырады. Ас мәзіріндегі етті көп тұтыну мен созылмалы науқастардың байланысын көптеген ғалымдар растайды. 28 жыл бойы 100000 ерлер мен әйелдерді сынақтан өткізген аса ауқымды зерттеу нәтижесінде, өңделген еттің бір порциясы (мәселен, хот-дог пен екі кесек бекон) адамдардың көпке ұзамай көз жұму қаупін 20%-ға арттыратыны анықталды. Оның ішінде, жүрек талмасынан өлу қаупі – 21%, ал обырдан көз жұму қаупі – 16%-ды құраған. Өңделмеген ет те адам ағзасына дәл сондай зиян тигізетіні рас. Осы зерттеудің басты қорытындысы – етті тоқтамай тұтыну (әсіресе, өңделмеген етті) кез келген науқастан көз жұму қаупін арттыра береді. Ет қосылған картопты қандай тамақпен алмастыруға болатынын ойластырыңыз. Мәселен, бір порция өңделмеген еттен гөрі, көкөніс, балық, жаңғақ немесе бұршақ тұқымдас өнімдер жеңіз. Картоп пен еттен біржола бас тарту мүмкін емес шығар, дегенмен, бұл ас мәзірін дастарқаныңызға сирек қоюға тырысыңыз. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 11 | |
| Всего комментариев: 0 | |
