Педагогикалық қойма
Басқарудың және өзін-өзі дамытудың субъектісі ретінде қазіргі педагогикалық ұжым туралы ұғымдар орыс педагогтары Л. Н. Толстой, К. Д. Ушинский, Н. И. Пироговтардың оқыту мен тәрбиенің өзара байланыстылығы, оқушылар мен педагогтардың бірлесе жұмыс істеуі, педагогтардың өзін-өзі дамытуға ұмтылуы сияқты идеяларының ықпалымен қалыптасты. Тәрбие мақсаты, балалар ұжымын қалыптастыру мәселесі отандық педагогика ғылымында педагогикалық ұжымның екі орнықты моделін іздеумен бірге қарас-тырылды. Мұғалімдердің тәрбиелік ықпалын біріктіру 20-30 жылдары педагогика мен мектептің маңызды міндеттерінің бірі болды. Н. К. Крупская, С. Т. Шацкая, А. С. Макаренко және т.б./ ''Тәрбиешілер ұжымы болуы керек'', - деп жазды. А. С. Макаренко - тәрбиешілер ұжымға біріккен жерде және біртұтас жұмыс жоспары, балаға деген бірыңғай ықпал жоқ жерде ешқандай тәрбие процесі болуы мүмкін емес''. Педагогикалық ұжымның топтасуы және дамуы идеясы В. А. Сухомлинскийдің педагогикалық жүйесінде практикалық көрініс тапты. Ол әрбір педагогикалық ұжымның өзіндік ерекшелігі болатындығын атап көрсетті. Тәжірибе алмасу сол мектептің жұмысын көшіріп алу емес, қайта оның қызметінің идеялары мен концепция-ларын бағалау болмақ. Соңғы жылдары педагогикалық ұжымның дамуы мен қызметінің ішкі механизмін ашуға
арналған /Н. С. Дежиннова, В. А. Кераковский, Л. И. Новикова, Р. Х. Жакуров және т.б./ еңбектер
жарияланды. Педагогикалық ұжым адамдардың әлеуметтік және кәсіптік бірлестігі ретінде ұжымға тән барлық белгілерді біріктіреді. Ерекше адамдар тобы ретінде мектеп педагогикалық ұжымына жинақылық, басшының болуы, топтасу, салыстырмалы түрде тұрақты және ұзақ мерзімде әрекет ету сияқты қоғамдық және кәсіптік сипаттар тән. Педагогикалық ұжым сондай-ақ, оқушылар ұжымы да, оның құрамдас бөлігі болып есептеледі.. Кез келген ұжым сияқты мектептің педагогикалық ұжымының өзіндік ерекшеліктері болады. Педагогикалық ұжымның ең басты ерекшелігі оның кәсіптік қызметіне байланысты, нақтылай айтқанда жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде. Педагогикалық ұжым-ның кәсіптік қызметінің тиімділігі оның мүшелерінің педагогикалық мәдениетінің деңгейімен, тұлғаларының қатынас сипатымен, ұжымдық және дербес жауапкер-шілікті сезінуімен, ұйымшылдық, ынтымақтастық деңгейі-мен анықталады. өзінің мәні жағынан педагогикалық, тәрбиелік болып табылатын оқу орындарының ұжымы оқушыларға үлкендердің ұжымы, олардың өзара қатынасы, бірлесе әрекет етуі туралы алғашқы түсініктерді қалыптастырады. Бұл жағдай педагогикалық ұжымды өзін-өзі ұйымдастыруға, үнемі өздігінен жетілуге ынталандырады. Мұғалімдер ұжымның педагогикалық қызметі оқушылар ұжымымен өзара тығыз әрекеттестікте өрбиді. Сондықтан педагогикалық міндетті шешу оқушылар ұжымының тәрбиелік мүмкіндігі қай деңгейде, қанша-лықты іске асырылуына тікелей тәуелді болып келеді. Басқару ілімінің категориясы ретінде педагогикалық ұжым басқарушы, ал оқушылар ұжымы басқарылушы болады. Ал қазіргі әрекет пен қатынастың субъектісі ретінде жеке тұлғаға баса назар аударылған жағдайда педагогикалық және оқушылар ұжымы басқарудың да, өзін-өзі дамыту-дың да субъектісі болып отыр. Мұғалімдер ұжымы өзінің орасан зор интеллектуалдық, тәрбиелік күш-қуаты бойынша балалар ұжымына ғана емес, өз ұжымына қатыстылығына байланысты да тәрбие субъектісі ретінде әрекет жасайды. Педагогикалық ұжымның басты ерекшелігінің бірі ретінде мұғалімдік кәсіп қызметінің көп
қырлылығын атау керек. Қазіргі мұғалім пән мұғалімі, сынып жетекшісі, үйірме, студия жетекшісі,
қоғамдық жұмыстар сияқты қызметтерді атқарады. Бұндай көпқырлылық барлық педагогикалық
ұжымға тән. өзінің кәсіптік міндеттерін шешу барысында педагогикалық ұжым мектеп шегінен
шығып кетеді. Қоршаған әлеуметтік ортаны педагогика-ландыру, яғни ата-аналар мен жұртшылық
өкілдерінің педагогикалық мәдениетін қалыптастыру тұтас алғанда педагогикалық ұжымның
ажырамас қызметіне айналады. Көптеген мұғалімдердің педагогикалық әрекетіне зерттеушілік қызметі тән. Қазіргі мұғалім-зерттеуші - нормативті қызмет жасымен шектелмейтін, педагогика-лық жаңалықтың жетістігі мен кемшілігін тез аңғаратын, жаңа құндылықтар мен технологияларға баға беріп, игеріп және практикада қолдануға қаблетті педагог. Педагогикалық ұжымның ендігі бір ерекшелігі оның жоғары денгейде өзін-өзі басқара алуында. Ұжымдағы мектеп кеңесі, әдістемелік комиссиялар, қоғамдық ұйымдар да қатардағы мұғалімдердің сайлану арқылы өкілеттік алуы ұжымда дұрыс қоғамдық пікір қалыптас-тырып дербестік пен белсенділік дамытады. Педагогика-лық ұжым мүшелерінің, оның басшыларының қызметтік міндеттері, қызметтік нұсқаулары арқылы дәл айқын-далуы да ұжымның ұйымдасқандық сипатын нығайтады. Педагогикалық ұжымның келесі ерекшелігі оның қызметінің ұжымдық сипаты мен нәтиже үшін ұжымдық жауапкершілігі. Егер жекелеген мұғалімдердің, әсіресе орта және жоғары сынып мұғалімдерінің іс- әрекетін өзге мұғалімдердің іс-әрекетімен сәйкестендірмесе, оқушы-лардың білімін бағалау, мектеп жұмысын ұйымдастыруда бірыңғай талап болмаса онда ол табысқа жеткізбейді. Мұғалімдердің біртұтастығы олардың құндылық бағдар-лары мен сенімдерінен көрінеді, дегенмен бұл жағдай педагогикалық технологияның бірсарындылығын білдірмейді. Балаға деген махаббат, оны оқытуға деген ынта, оқушы тұлғасына деген құрмет педагогикалық шығармашылық, оптимизм, жалпы және кәсіптік мәдениет мұғалімдердің іс-әрекетінің біртұтастығын материалдық негізін құрайды. Педагогикалық ұжым өмірінің еркешеліктерінің қатарында белгілі бір педагогикалық еңбектің түрін атқарудан уақыт шегінің болмауын атауға болады. Бұл жағдай мұғалімнің шамадан тыс жұмыс бастылығына, рухани дүниесін байытып, кәсіптік дамуын арттыруға уақыт таба алмауына себеп болады. Бақылау нәтижелері көрсеткендей соңғы жылдары материалдық жағдайға, уақыт жетіспеуіне байланысты мұғалімдірдің баспасөзге жазылуы, түрлі әдебиеттер сатып алуы, олардың кино-театрлар, мұражайлар мен көрмелерге қатысуы күрт төмендеп кетті. Педагогикалық ұжымға тән өзіндік ерекшеліктердің бірі оның құрамында әйелдердің басым болуы десек, бұл жағдай ұжымдағы өзара қатыстық сипатына ықпал жасайды. Әйелдер ұжымы еркектер басым болып кететін ұйымдарға қарағанда тез әсерленгіш, көңіл күйі жиі алмасады, барынша дау-жанжалға бейім. Дей тұрғанмен, әйелдер жаратылысынан тәрбие ісіне бейім, педагогикалық ықпал жасаудың әдістері мен тәсілдерін таңдауда барынша икемді екендігін де есте ұстау керек. Педагогикалық ұжымдарда әйелдердің басым болуы - жаңа проблема емес. Ол проблема материалдық сипаттағы себептерге байланысты педагогикалық ұжым-дардан еркектердің басқа табысты салаларға көптеп ауысуына байланысты шиеленісе түсті. В. А. Сухом-линский, А. А. Захаренко сияқты педагогтар мектебінің тәжірибесі педагогикалық ұжымда, әр жыныстың қажетті өкілеттілігінің болуы педагогикалық ұжымның үйлесім-ділігін, педагогикалық процестің біртұтастығын қамтама-сыз ететіндігін көрсетеді. Бұл проблема соңғы кезде әкесіз отбасылар көбеюіне байланысты маңызды бола түсуде. Дегенмен, педагогика-лық ұжымдағы еркек пен әйелдердің барынша орнықты арақатынасын айқындау өте қиын. Ол әрбір нақты жағдайда өзінше шешім табуы тиіс. Бірақ қалай болғанда да мектептегі еркектердің жетіспеушілігін әке, ата-аналарды, өндірістік ұжым мүшелерін сабақтан тыс уақыт-тағы тәрбие жұмыстарына тарту арқылы толықтыру қажет. Педагогикалық ұжымның ұйымдық құрылымы Ұжым психологиясы жөніндегі зерттеулер /А. И. Донцов, А. Н. Лутошкин, А. В. Петровский, А. Л. Свентицкий және т.б./ ұжымның құрылымы туралы тиянақты мағлұмат береді. Соның ішінде ұжымға әлеуметтік-психологиялық талдау жасағанда, оның ұйым-дық құрылымы ресми және бейресми болып бөлінетіндігін аңғарамыз. Бұл жағдайда құрылым ретінде ұжым мүшелерінің салыстырмалы түрде біршама тұрақты өзара қатынасын атауға болады. Ұжымның ресми құрылымы оның мүшелерінің міндеттері мен құқықтары, еңбек бөлінісінің ресми реттелуіне байланысты. Ресми құрылымның шеңберінде әрбір адам кәсіптік қызметті атқаруда белгілі тәртіп, ережелер негізінде еңбек ұжымының өзге мүшелерімен әрекеттеседі. Бір сыныпта жұмыс істейтін мұғалімдер білім стандарттарын, оқу бағдарламаларын, сабақ кестесін, кәсіптік этика нормаларын басшылыққа алады. Әрбір мұғалім мектеп басшыларымен, әріптестерімен іскерлік қатынаста болады. Ал, мұғалім мен мектеп басшылары-ның арақатынасы қызметтік нұсқаулар және өнімдермен реттеледі. Ұжымның қалыпты жұмыс істеуі, оның ресми құрылымы бірқатар жағдайларға байланысты. Мұғалім-дердің ұжымдық өзара ықпалдастығы ресми құрылым шегінде бірлескен жұмысты ұйымдастыру деңгейімен, әрекеттерді үйлестіру, түрлі шұғыл жұмыс кестелерінің, оқу-тәрбие процесінің барысы мен нәтижелерін тексеру жүйесінің болуымен, қоғамдық міндеттер мен тапсырма-лардың теңдей бөлінуімен айқындалады. Педагогикалық ұжымның бейресми құрылымы ұжым мүшелерінің алдын ала белгіленген міндеттерінен тыс нақты іс-әрекет негізінде қалыптасады. Ұжымның бейресми құрылымы оның мүшелері арасындағы қалып-тасқан қатынастар жүйесінен тұрады. Ондай қатынастар жек көру мен ұнату, құрметтеу, махаббат, сенім немесе сенімсіздік, ынтымақтасу, бірлесе жұмыс істеуді қалау немесе қаламау сезімдері негізінде қалыптасады. Бұндай құрылым ұжымның ішкі, көбіне жасырын, көзге көрінбейтін жағдайын танытады. Жас мұғалім педагогикалық қызмет процесінде қиындыққа кездескенде ресми ұйымдық құрылымға сәйкес мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орын-басарына, сонымен бірге қажет деп тапса білікті, тәжірибелі маман ретінде басқа мұғалімнен көмек сұрайды. Ал мұғалімдер арасындағы бейресми байланыстар түрлі себептерден туындайды. Бір жағдайларда бұл араласу, достық, махаббат сияқты әлеуметтік қажеттіліктен туындаса, келесі жағдайда тәжірибелі жолдасынан кәсіптік көмек, қолдау алуға байланысты, үшінші жағдайда -жаңа, қызықты ақпарат алуға байланысты, төртінші жағдайда өзгелерді өзіне бағындыруға ұмтылған эгоистік себеп-терден туындайды. Ұжымдағы бейресми қатынастардың пайда болуының мынадай белгілерін бөліп айтуға болады: достық, жолдастық топтардың құрылуы, бейресми пікірдің қалыптасуы, бейресми басшылардың шығуы, жаңа құндылық бағдарлардың нығаюы және т.б. Ұжымның ұйымдық құрылымының дамуына бір-қатар факторлар ықпал етеді. Педагогикалық ұжымның өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, осындай ықпал етуші факторларды қарастырып көрейік. Ол ең алдымен мұғалімдер ұжымы шешетін кәсіптік-педагогикалық міндеттердің сипаты. Педагогикалық процестің тұтастығы, оқыту мен тәрбиелік ажырамас байланысы мұғалімдер, сынып жетекшілері, ата-ана мен жұртшылық өкілдерінің әрекетін біріктіреді. Дегенмен, әр мұғалім өзінің нақты қызметін атқарғанымен ол өз әрекетін педагогикалық процестің басқа да қатысушылары - мұғалімдер, оқушылар, мектеп әкімшілігімен келісе отырып жүргізеді. Мектептегі, сыныптағы істің жағдайы туралы дер кезінде алынған объективті ақпарат ұжымның ұйымдық құрылымын нығайтып, ұжым мүшелерін біріктіре түседі. Психологиялық зерттеулер /А. И. Донцов, Р. Х. Шакуров/ ұжымның топтасуының қажетті шарты мақсат бірлігі екендігін дәлелдейді. Ұжымдық құрылым белгілі дәрежеде педагогикалық ұжым мүшелерінің әлеуметтік-демографиялық, дербестік-психологиялық ерекшеліктеріне тәуелді тығыз іскерлік, тұлғааралық қатынастардың қолайлы негізі ұжымның жасына, біліміне, біліктілік деңгейіне, кәсіптік құндылық-тары сияқты белгілері бойынша біртектілік екендігі даусыз. Бұндай ұжымдар топтасу, ұйымдасудың жоғары деңгейімен ерекшеленеді. Дегенмен педагогикалық ұжымдар өзінің құрамы жағынан барынша әртекті болып келеді: оның құрамына біліктілік деңгейі әртүрлі жыныс өкілдерінен тұратын жас және тәжірибелі мұғалімдер енеді. Бұның барлығы әртүрлі бағыттағы бейресми топтардың құрылуына негіз қалайды. Мектеп басшылары педаго-гикалық ұжымды ұйымдастырғанда және басқарғанда бұл жағдайды ескеруі тиіс. өзара қатынастың педагогикалық ұжымның тұрақтылығына ықпал екі жақты сипат алады. Бір жағынан ұжымішілік қатынас, ұжымның тұрақтылығын білдірсе, екінші жағынан педагогикалық ұжымдағы тұрақтылық педагогтардың өзара қатынасының сипатын айқындайды. Ұжымның ұйымдық құрылымы ұжым мүшелерінің мүддесін, қажеттілігін, қаншалықты қанағаттандыруна да байланысты. Қанағаттану деңгейін анықтайтын бұндай факторлардың қатарында ұжымның беделі, достарының болуы, осы ұжымдағы өз еңбегінің мәнін сезіне білу, моральдық-психологиялық ахуал, ұжымның дәстүрлерін айтуға болады. Ұжымның ұйымдық құрылымының сипатын айқындауды оның көлемі де елеулі етеді. Психологияда шағын ұжымдардың мүшелері арасында байланыс біршама тұрақты, берік болып келетіндігі дәлелденген. Ұжым үлкейген сайын ұжым мүшелерінің арасындағы қатынас ресми сипат ала береді. 30 адамнан асатын педагогикалық ұжымда мүдде, қызығушылық ортақтығы, бірге демалу сияқты түрлі себептермен бейресми топтар, бірлестіктер пайда бола бастайды. Педагогикалық ұжым мүшелерінің саны оны басқарудың сипатын айқындайды. Шағын ұжымдарда педагогтар бірін-бірі жақсы біледі, бірақ бұндай ұжым-дарда араласу, бірін-бірі рухани байыту мүмкіндігі барынша шектеулі. Ал үлкен ұжымдарда өзара қатынастың күрделі құрылымы қалыптасады, олар барынша қунақы, кейде тіпті ұрыс-жанжалға бейім, бірақ осындай ұжым-дарда жарқын, ешкімге ұқсамайтын тұлғалардың танылуы мүмкіндігі де үлкен. Педагогикалық ұжымдағы әлеуметтік-психологиялық климат Ұжымдағы көңіл-күй мен қоғамдық пікір, эмоциялық күш-қуат пен өзара қатынастың деңгейін ондағы қалыптасқан әлеуметтік-психологиялық климат-пен айқындалады. ''Психологиялық климат'', ''әлеуметтік-психологиялық климат'' немесе ''микроклимат'' ұғымдары ғылыми емес, астарлы, ауыспалы ұғымдар. Географиялық климат сияқты мамыражай әлеуметтік-психологиялық климат адамның осындай климаттағы ұжымда өзін барынша жайлы сезініп, тұлғалық және кәсіптік қатынас-тарда өзін жан-жақты таныта алуын білдіреді. Ұжымдағы психологиялық климаттың мазмұндық сипатын адамдар-дың өзара қарым-қатынасы, олардың көңіл-күйі, хал-жайы, бірлесе атқарған жұмыс процесіне көңілі толуы айқындайтын болғандықтан психологиялық климатты сипаттауда эмоциялық бағаның маңызы зор. Жағымды әлеуметтік-психологиялық климат қалыптасқан педаго-гикалық ұжым қолайлы моральдық-психологиялық ауа-райымен, жылы шырайлылықпен, парыз бен жауапкер-шілікті құрметтеумен өзара талапшылдықпен, сергектік-пен ерекшеленеді. Сондықтан да А. С. Макаренко ұжымдағы өзара қатынастағы сергек көңілді /мажырлы/ екпінге баса мән берген. Әлеуметтік-психологиялық климат ұжым мүшелерінің бірлескен іс-әрекет пен өзара қатынас процесінің сипатын танытатын ұжымның сезімдік-психологиялық жағдайларының жүйесін білдіреді. Әлеуметтік-психологиялық климатты осылай түсіне отырып, оның мынадай негізгі қызметтерін атауға болады. Педагогикалық ұжымның әлеуметтк-психологиялық климатының топтастырушылық қызметі ұжым мүше-лерінің оқу-тәрбие міндеттерін шешуге ұжымдық күш-жігерді топтастыруын, бірігуін іске асырады. Ынталан-дырушылық қызметі педагогикалық әрекеттің қолдануына қажетті ұжымның ''эмоциалдық күш-қуатын'' қалыптас-тыруға байланысты. Тұрақтандырушылық қызметі ұжым ішілік тұрақтылығын қамтамасыз етіп, ұжымға жаңа мүшелердің енуіне қажетті алғышарт жасайды. Реттеушілік қызмет өзара қатынас нормаларын нығайтуда, ұжым мүшелерінің тәртібіне баға беруде көрінеді. Психологияда қолайлы әлеуметтік-психологиялық климаттың басты көрсеткіштерін айқындау бағытында зерттеулер жүргізілуде. Бір жағдайларда көрсеткіш ерекшеліктері ретінде тұлғааралық, адамгершілік, сезімдік, құқықтық өзара қатынастар қарастырылса, ендігі бір жағдайларда ұжымдық әрекет тиімділігінің барынша жалпы сипаттамасына баса мән беріледі. Ондай сипаттамаларға мыналар жатады: ұжым мүшелерінің ұжымда болғанына, ондағы еңбек процесі мен нәтижесіне қанағаттануы; ресми және бейресми жетекшілердің беделін мойындауы; ұжымдағы жарқын, көтеріңкі көңіл-күй; ұжым мүшелерінің басқаруға және ұжымның өзін-өзі басқаруға қатысуының жоғары деңгейі; ұжым мүшелерінің топтасушылығы мен ұйымшыл-дығы; сапалы тәртіп; еңбектің өнімділігі; кадрлардың тұрақтылығы. Қолайлы әлеуметтік-психологиялық климаттың бұл белгілерін педагогикалық ұжымға баға беруде қолдануға болады. Әлеуметтік-психологиялық климат қалыптасқан жағдайда ол ұжым мүшелеріне жағымды немесе жағымсыз ықпал жасайды. өзара ақыл, ынтымақтастық қатынас біріккен ұжымда тәжірибелі немесе жас мұғалім бірлескен қуаныш табады. Ал немқұрайдылық, селқостық немесе қысым үстемдік еткен жағдайда ұжым мүшесі ұнжырғасы түсіп, қағажау көреді, бұл жағдай оның кәсіптік қызметінің төмендеуіне, дау-жанжалдың пайда болуына, тіпті басқа ұжымға ауысуына апарып соғады. Кең көлемдегі кәсіптік-педагогикалық міндеттерін атқара жүріп мұғалім өзін және еңбегін жұртшылықтың бағалауын қажетсінеді. Педагогтар әсіресе беделді адамдар тарапынан, соның ішінде басшылар мен ата-аналар тарапынан берілген бағаны түсінуге бейім. Жағымды баға педагогты ынталандырады. Жағымсыз баға өзінің қызметін, кәсіптік позициясын, өзгелермен қарым-қатынасын қайта қарауға негіз болады. Сондықтан педагогикалық ұжым-дағы қатынас өзара сыйластық, принципті, талапшыл және тілеулестік сипатта болуды талап етеді. Әлеуметтік-психологиялық климаттың тұлғаға ықпал жасауының механизмі еліктеуден -өзге адамдар-дың сезімін, ойларын тікелей қолдану, пайдаланудан тұрады. Педагогикалық қызмет барысында кейбір мұғалімдер өз әріптестерінің эмоциялық жағдайын түсінуге және оған төзуге қабілетті болса, екіншілері оның психологиялық жағдайына талдау жасап, өз сенімі, ықыласымен сәйкес келетін, келмейтіндігін салыстыруға бейім. Ұзақ уақыт бірлесе қызмет жасау, мүдде ортақтығы жағымды еліктеу процесін едәуір жеделдетеді. өз әріптесінің сезімдік-психологиялық көңіл-күйін танып, оны түсіне алған педагог қалыптасқан жағдайдан шығудың оңтайлы шешімін өз басынан іздестіреді. өзара әрекеттестіктен екінші жағы жеке тұлғаның ұжымдағы климатқа ықпалынан тұрады. Обал, сауапты білетін, принципті, іске жауапкершілікпен қарайтын, тәртіпті, көпшіл, қайырымды, әдепті педагогтар ұжымда жағымды климат қалыптастыруға елеулі ықпал жасай алады. Ал керісінше, тоғышар, әдепсіз, тәртібі тиянақсыз ұжым мүшесі жағымсыз климат орнықтыруға ықпал жасайды. Ұжымның жалпы климаты оның мүшелерінің интеллектуалдық, сезімдік және мінездерінің жігерлілік белгілеріне тәуелді болып келеді. Жекелеген педагогтардың танымдық белсенділігі, өнер тапқыштығы ұжымды инновациялық қызметті дамытып, жаңа технологиялар іздестіруге ұмтылады. Жігерлі педагог-жетекші соңынан өзгелерді ерте алады. Егер ұжым мүшелерінің ақыл-ойы, сезімі, ерік-жігері педагогикалық қызметке жұмылдырыл-са, онда табысқа жету қиын емес. Жеке адамның ұжымға және оның әлеуметтік-психологиялық климатына ықпал жасайтын негізгі әдістері - көзін жеткізу, сендіру, жеке үлгі көрсету. Көзін жеткізу адамдардың бағасын, пікірін, қалыптасқан мінез-құлық нормалары мен ережелерін нақты адамның - көз жеткізетін тұлғаның түсінігіне сәйкес өзгертуге бағытталады. Осы жағдайда көз жеткізуші факторлардың қуатын, қисынмен дәлелді пайдаланып, тек ақыл-ойға ғана емес, әңгімелесу-шінің сезіміне де әсер етеді. Сендіру процесінде бір адамның екінші адамға немесе тұтас ұжымға әсері ырықты немесе ырықсыз түрде іске асады. Сендірудің көмегімен педагогикалық ұжымда көңіл-күй қалыптасып, идеялар, педагогикалық құндылықтар орнығады. Ұжымдағы жағымды әлеуметтік-психологиялық климаттың қалып-тасуына жеке тұлғаның жасайтын ықпалының тиімді әдісі жеке үлгі көрсету болып табылады. Ол үлгі адамның өз еңбегіне, әріптестеріне, ұжымдық пікірге қатынасы болуы мүмкін. үлгі барлық кезде де нақты, ол әрекет пен мінез-құлықтың үлгісін береді, көңілдегі мен өмірдегіні салыстыруға мүмкіндік береді. Педагогикалық ұжымдағы келіспеушілік Жағымды психологиялық климат қалыптастыруға кедергі жасайтын факторлардың қатарына ұжымдағы келіспеушілікті немесе ''климаттық ауытқуды'' атауға болады. Әлеуметтік-психологиялық келіспеушілікті көптеген мамандар адамдардың тікелей қарым-қатынасы саласында пайда болатын қарама-қайшылықтың күрт шиеленісіп кетуі ретінде қарастырады. Педагогикалық ұжымда пайда болатын келіспеушіліктер өз табиғатында тұлғааралық келіспеушілік болып табылады. Ондай жағдайда адамдар іс-әрекеттің мақсатына келіспейді немесе оған қол жеткізудің әдістері мен құралдары туралы әртүрлі пікірде болады. Келіспеушіліктер әртүрлі себептердің салдары болуы мүмкін. Педагогикалық ұжымдағы тұлғааралық келіспеу-шіліктер бірлескен педагогикалық әрекет процесінде орныққан өзара байланыстың бұзылуына байланысты туындайды. Ол педагогикалық қызметке байланысты мұғалімдер, басшылар арасындағы іскерлік сипаттағы байланыс болуы мүмкін. Педагогикалық ұжымда орын алатын келіспеу-шіліктің негізгі үш тобын бөліп көрсетуге болады. Бірінші топ - кәсіптік-педагогикалық әрекетті мақсатқа жетуге кедергі келтіретін, іскерлік байланыстардың бұзылуынан туындайтын кәсіптік келіспеушіліктер. Бұндай келіспеу-шіліктер жұмыстағы ынтасыздықтан, мұғалімдердің әрекет мақсатын түсінбеуінен және өз ісін жете білмеуінен туындайды. Екінші топ - педагог мінез-құлқының өзара қатынас нормасына сай келмеуіне, сол сияқты мінез-құлық пен іс-әрекеттің ұжым мүшелерінің бір-бірінен күткен талаптарына сай келмеуінен туындайды. Ол педагогтың өз әріптестеріне және оқушыларға көрсеткен әдепсіздігі, кәсіптік этика нормаларының бұзылуы, ұжым талабын орындамау және т.б. түрінде көрініс береді. Үшінші топ - педагогикалық процестерге қатысушылар-дың мінез бен темпераменттік ерекшеліктері негізінде тұлғалық сәйкессіздіктен туындайтын келіспеушіліктер. Бұл топты негізінен ұстамдылық, өзіне деген бағасы мен пікірінің аса жоғары болуы, эмоциялық тұрақсыздығы, шамадан тыс өкпешілдігі сияқты сапалар құрайды. Келіспеушілікті реттеу мынадай қисынды әрекеттер-дің бірізділігінен тұрады: келіспеушіліктің алдын алу; пайда болған жағдайда келіспеушілікті үйлестіру, жою; келіспеушілік ахуалды шешудің ең оңтайлы шешімін қабылдау; келіспеушіліктің түйінін шешу. Келіспеушілік-тің алдын алу кезінде сол адамның неге осылай жасағандығын анықтаудың маңызы зор. Мектеп басшысы қалыптасқан келіспеушілік ахуалға немқұрайлы қарамауы тиіс, сондықтан ол келіспеуші жақтарды ашық әңгімеге тартып қалыптасқан жағдайды бірге талдап, талқылауы тиіс. Келіспеушілікті басқару кезеңінде басшы жеке әңгімелесіп, келіспеуші жақтарды алдағы кездесуге, араласуға психологиялық тұрғыдан дайындауы тиіс. Егер келіспеушілікті бастапқы кезеңінде келістіру мүмкін болмаса, онда оны шешудің тактикасы мен стратегиясы жасалуы керек. Оны мектеп директоры немесе оның орынбасарлары іске асырады, қажет болған жағдайда ұжымдық шешім қабылданады. Ол бойынша келіспеуші ұжым мүшелеріне біршама уақыт бір-бірімен араласпау немесе ол араласуды шектеу туралы шарт қойылуы мүмкін. Кәсіптік келіспеушіліктер еңбек жағдайын, оқу-тәрбие процесін өзгерту, мектеп жұмысының тәртібіне түзету енгізу арқылы реттеледі. Ал тұлғалық сәйкессіздік-тен туындаған келіспеушілікті жою күрделі сипат алады. Бұндай жағдайда басшы келіспеуші жақтарға өзге де пікірлердің өмір сүруін мойындататындай шешім қабылдайды.
Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (13/08/2011)
Просмотров: 3646 | Комментарии: 4 | Рейтинг: 2.0/1
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: