ВИРУСТАН САҚТАЙТЫН ҮШ ШИПА ДҰҒАСЫ 1. Иә, Алла! Әлсіздік пен жалқаулықтан, қатігездік пен бейқамдықтан және дәрменсіздіктен, қорлық пен кедейліктен Өзіңе сыйынып пана сұраймын. Уа, Алла! Пасықтықтан, бөлінушіліктен, екіжүзділіктен және ел естісін, ел көрсін деген риякершіліктен Өзіңе сыйынып пана сұраймын. Уа, Алла! Керең, мылқау, алапес, жынды, таз болуымнан және жаман аурулардан Өзіңе сыйынып пана сұраймын. (Табарани) Оқылуы: «Аллаһумма инни әъузу бикә минәл-ъажзи уәл-кәсәл, уә аъузу бикә минәл-қасуати уәл-ғафләти уәл-ъайләти, уәз-зулләти уәл-мәскәнәти, уә әъузу бикә минәл-фусуқи уәш-шиқақи уән-нифәәқ уәс-сумъати уәр-рия-и, уә әъузу бикә минәс-самами уәл-бакам, уәл-жунуни уәл-барас, уәл-жузәми уә сәийил-әсқам»
2. «Маған бір пәлекет келді. Ал Сен Мейірім етушілердің ең Мейірімдісісің» («Әнбия» сүресі, 83-аят) Оқылуы: «Ән-нии мәссәниәд-дурру уә әнтә әрхәмур-рахимиин»
3. Иә, Алла, адамдардың Раббысы, кеселді кетіруші, сауықтыр! Сен – Шипагерсің, Сенің шипаңнан басқа шипа жоқ, бұдан кейін ауру қалмайтындай сауықтыр! Оқылуы: Аллаһумма, Раббаннаас, музһибаль-бә'с, ишфи Әнтәш-Шәәфи, лә шәфийа иллә Әнтә шифәән лә йуғадиру сақаман. әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 225 | |
Всего комментариев: 0 | |