ҮШ АРСЫЗ, ҮШ ҒАЙЫП, ҮШ ЖЕТІМ Ноғайлының ханы Жәнібек халықты жинап: - Үш арсыз, үш ғайып, үш жетім болады, соны кім табады? – деп сұрапты. Жиналған халық көп дағдарып: - Үш арсыз: ұйқы арсыз, күлкі арсыз, тамақ арсыз. Үш ғайып: қонақ ғайып, несібе ғайып, ажал ғайып, - деп шешіпті. Бірақ үш жетімді ешкім таба алмапты. Сонда Жәнібек хан: - Елде келмеген кім қалды? - деп сұрапты. - Келмеген Қарабас шешен қалды, - дейді халық. Жәнібек Қарабасты шақыртып алып, әлгі сөздің шешуін содан сұрапты. Сонда Қарабас шешен: - Жетім үшеу емес, бесеу еді ғой, - депті де: - Оты жоқ жер жетім, Басшысы жоқ ел жетім. Елінен ауған ер жетім, Тыңдаусыз сөз жетім, Жоқтаусыз қыз жетім, - деген екен. әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 195 | |
Всего комментариев: 0 | |