АДАМДЫ БАҚЫТСЫЗДЫҚҚА ҰРЫНДЫРАТЫН ОН СЕГІЗ СЕБЕП
1. Үнемі «басқалар не айтар екен?» деп алаңдап жүру;
2. Жеңілдің астымен, ауырдың үстімен жүретін жолды таңдау;
3. Жалқаулану;
4. Тәуекел етуден қорқу;
5. Барлығына жағуға тырысу;
6. Жақындарың мен ата-анаңды ұмыту, олардың разылығын алмау;
7. Бос уақытты төрт қабырғада өткізу;
8. Өзіңді кінәлай беру;
9. «Қолымнан келмейді» деп үміт үзу;
10. Өкіну, өткен күннің шырғалаңынан шыға алмау;
11. Кек сақтау, біреуді жек көру;
12. Жауапкершіліктен қашу;
13. Орындай алмайтын уәде беру, сөзде тұрмау;
14. Жаман нәрселерді ойлау;
15. Біреудің жетістігін көре алмау, қызғану;
16. Үнемі өзгелерді кінәлауға асығу;
17. Жаман әдетке салыну (шылым шегу, арақ ішу, құмар ойын, т.б)
18. Өмірге, тағдырға налу. Баста тұрған бақытты бағалай алмау.!
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
|