ПАЙҒАМБАРЫМЫЗ ОСЫДАН ҚАТТЫ ҚОРҚАТЫН Екіжүзділік – адам бойындағы ең жағымсыз қасиеттердің бірі. Ең қорқыныштысы екіжүзділік құлшылық кезінде қылаң берсе. Яғни, жүрекпен иман келтірмей, тек сыртқа өзін тақуа етіп көрсету. Бұл адамның өз-өзін ғана емес, Алла Тағаланы мазақ қылғаны. Алла елшісінің де қорыққаны осы еді. Имран ибн Хусайн адамзаттың ардақтысының хадистерінің бірін баяндап былай дейді: «Шын мәнінде сендер үшін қорқатын нәрселерімнің ішіндегі ең қорқыныштысы – сендер кіші ширк жасап қоя ма деп алаңдауым». Сонда адамдар оның не екенін сұрағанда: «Бір істі көзге көріну үшін жасау», — деп жауап берген. Пайғамбарымыз: «Кішкентай ширктен сақтаныңдар!» – деп ескерте келе, «кіші ширктің» не екенін сұраған сахабаларына, пайғамбарымыз: «Ол – рия», – деп жауап береді. Алайда барлық шындық ашылатын күн туады. Сол кезде әркім тиісті жазасын алады. Алла Тағала жүректегіні білуші. Исламда екіжүзді деп кімді айтамыз? Мұнафықтың белгісі жайлы хадисте былай делінген: Абдулла бин Амр (р.а.) риуаят етеді Пайғамбарымыз: «Кімнің бойында төрт белгі болса, нағыз екіжүзді. Ал, осы төртеуінің бірі табылса одан арылмайынша кісіде екіжүзділіктің нышаны болғаны, ол: аманатқа қиянат етеді, сөйлегенде өтірік айтады, сертін бұзады және дауласса арамдыққа барады» 1, – деп екіжүзділіктің белгісін айқындап берген. Тағы бір хадисінде Пайғамбарымыз былай дейді: «Маған мына алты нәрсе үшін кепілдік беріңдер, мен де сендерге жәннатқа кіруге кепілдік берейін: – Сөйлегенде шындықты айтыңдар; – Уәделеріңді орындаңдар; – Аманатқа сенімді болыңдар; – Ұятты жерлеріңді сақтаңдар; – Көздеріңді харамға жұмыңдар; – Қолдарыңды харамнан аулақ ұстаңдар». Хадистен ұғынғанымыздай уәде де тұрмау, жалған сөйлеу – екіжүзділіктің белгісі. Ардақты пайғамбарлар мен саңлақ сахабалар мұнафық болып қалудан қатты қорыққан. «Аманатқа қиянат қылған, уәдені орындамаған – имансыз», - деген хадистен байқағанымыздай екіжүзділіктің нышаны болған жерде шынайы иман болмайды. Ақын Абай да: «Аллаға ауыз қол емес, Сондықтан да қандай амал істесек те адал жүрекпен, ақ ниетпен орындауға жазсын. әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 204 | |
Всего комментариев: 0 | |