УАҚЫТТЫҢ ҚАДІРІ Кез келген нәрсе белгілі бір уақытпен санасып, нақтылы бір өлшемдермен белгіленеді. Сол өлшемдердің бірі адамның өмірге келуі, ер жетуі, қартайып, дүниеден озуы. Өмір бейне жел өтіндегі шырақ тәрізді. Әр адамның жарық күні санаулы, мөлшерлі. Шын мәнінде, уақыт бізге емес, біз уақытқа тәуелдіміз. Өйткені уақытты біз қалаған кезімізде ұзартып, қалаған кезімізде қысқарта алмаймыз. Уақыттың өлшемі – Ұлы Жаратушының құзырындағы мәселе. Сонымен қатар әр нәрсенің ақыры, түгесілетін кезі бар. Адамның қолындағы байлық күндердің бір күнінде саусақтан аққан су тамшысындай ғайып болатыны секілді талайды тамсандырған cұлулардың жүзіндегі сұлулық та жылдар өте қатпар-қатпар әжімге айналады. Пайғамбарымыздың асыл сүннетінде адам ғұмырының қалайша өткендігі жайында қияметте ауыр есепке тартылатынын ескерткен. Қияметте адам баласы жауап беретін негізгі төрт сұрақтың екеуі уақытқа байланысты. әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 231 | |
Всего комментариев: 0 | |