Пайдалы кеңес

ОМАРДЫҢ ОҚИҒАСЫ

Бірде әділетті халифа Омар ибн әл-Хаттаб базарда жүрген сәтінде бір адамның:
«Иә, Алла мені құлдарыңның ішіндегі "аздардың" қатарынан қыла гөр! Иә, Алла, мені сол "аздардың" қатырынан қыла гөр!»,-деп дұға тілеп отырғанын құлағы шалып қалады. Әлгі адамның жанына келіп:

«Сен бұл дұғаны қайдан алдың?»,-деп сұрайды.

 Әлгі адам оған:
“Алла Тағала Құранда былай деген:
«Құлдарымның ішінде шүкір етушілері өте аз»,-дейді.

Сонда Омар жылап жібереді де өзін сөгіп:
«Омардан басқаның бәрі хабардар! Иә, Алла! Мені де сол "аздардың" қатарынан қыла гөр”-деп жалбарына дұға жасаған екен...

Кейде бәз біреулерге күнәдан аулақ болуды ескерте қалсақ:
«Бірақ, мұны жалғыз мен емес адамдардың көбі жасайды емес пе!»,- деп жауап береді.

Ендеше, “адамдардың көбі” деген сөздің Құрандағы қолданысына назар аударар болсақ, адамдардың көбі
“білмейді”,
“шүкіршілік етпейді”
“сенбейді” деген сөздермен қатар келетінін көреміз.

Ал, олардың "көпшілігі" деген сөзге қарасақ
“бұзақы” ("Мәида" сүресі, 59-аят),
“білмейді” ("Әнғам" сүресі, 111-аят),
“жалтарады” ("Әнбия" сүресі, 24-аят) және “тыңдамайды” ("Әнфал" сүресі, 21-аят) деген сөздермен қатар қолданылатынына куә боламыз.

Олай болса, Құранда аталған "аздардың" қатарынан болуға тырысайық.

Алла Тағала Құранда:
«Құлдарымның ішінде шүкір етушілері өте аз» ("Сәбә" сүресі, 13-аят)
«Негізінде, онымен бірге иман келтірген өте аз ғана еді» ("Һуд" сүресі, 40-аят)
«Жәннат бағында нығыметке бөленеді, бұрынғылардан көбірек, соңғылардан азырақ» ("Уақиға" сүресі, 12-14 аяттар)

Ислам ғұламалары: «Ақиқаттың жолымен жүр және бұл жолды адамдардың ішіндегі аздары таңдайтын жалғыздық сені мұңайтпасын, өтіріктің жолынан сақ болғын әрі күнәһарлардың (көптігі) сені алдамасын»,- деген.

Алла Тағала бізді сол "аздардың" қатарынан қылсын. Әмин!

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (21/09/2020)
Просмотров: 247 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: