Пайдалы кеңес

ӨКІЛ ӘКЕ

Өкіл әке – бала отбасының перзентсіз­ді­гіне, жас адамның әкесіздігіне еш байланысы жоқ ара қатысты байлам. Үйлі-баранды елге танымал азаматқа қаны бөлек, ата-аналы ержеткен ұлдың, бойжеткен қыздың ықыласы ауып, балалық жылы сезімі оянып, ниеттескен екі тараптың бірдей әкелік пен перзенттікті қалауы. Ұлы-қызы сөзінің алдына өкіл қо­сылғаны болмаса, ағайындар куәландырған өкіл әкелік пен балалықтың ақиқаты күмән­сіз.

Өкіл әке – келісім бойынша жасалған туыстық атау. Қазақ өмірінде бала асырап алу дәстүрі ежелден қалыптасқан ғұрып.

Негізінен, өз кіндігінен ер баласы жоқ адамдар бала асырап алады. Халық дәстүрі бойынша той жасап, ер балаға асық жілік, қыз балаға тоқпақ жілік ұстатқан. Өкіл әке – туыстас, дос-жаран адамдардың жетім қалған балаларына өкілдік жасап, қамқорлығына алған адам. Оның өз бала-шағасы болғанымен, қимас дос, жақын құрбы-құрдастардың балаларына да көмектесу үшін өкіл әке болады. Ол баланы өз балаларынан кем көрмей, қуанышы мен қайғысын бірдей бөліскен. Оған бүкіл қоғам алдында үлкен жауапкершілік жүктелген. Бала да өкіл әкені сыйлауға, өз әкесіндей құрметтеуге міндетті болды. Кейінірек дәстүрлі қазақ қоғамында әкелер өзара келісіп, бірінің баласына бірін өкіл әке етіп сайлаған. Бұл дос адамдар мен олардың ұрпақтары арасындағы ауызбіршілікті, сыйластықты дамыту мен жалғастыру мақсатында жасалған.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (07/09/2020)
Просмотров: 230 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: