САЛАУАТ АЙТУДЫҢ СЫРЫ Салауат cөзі араб тілінде көп мағына береді. Дұға, намаз, береке деген мағыналарымен бірге Пайғамбарымызға Алла Тағаладан игілік тілеу мағынасында да жиі қолданылады. Қасиетті Құранда: «Расында, Алла Пайғамбарға үнемі шексіз нығметі мен рақымын төгіп, күннен күнге мерейін өсіруде. Ал Оның періштелері болса, ол үшін үнемі игі тілек тілеп, дұға етуде. Уа, мүміндер! Ендеше сендер де оған шын жүректен салауат айтып, құрметпен сәлем жолдаңдар» делінген. Демек Алла елшісінің есімі аталса «Пайғамбар» немесе «Алла елшісі» деп, Мұхаммед пайғамбар меңзелсе «оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын» деп салауат айтуымыз қажет. Пайғамбарымыз: «Маған салауатты көп айтқан адам Қиямет күнінде маған ең жақын адам болады» деген. Бүкіл әлемді дүрліктірген індет кезінде дініміз көрсеткен жолмен жүріп, барша пайғамбарлардың имамы, адамзаттың асылы, Ардақты Пайғамбарымызға көбірек салауат айтайық! Айтқан салауатымызды Алла Тағала қабыл етіп, баршамызды осы бір індеттен құтқарып, қайтадан мамыражай тіршілік орнап, құлшылығымызды алаңсыз атқарар күнге жетейік! әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 208 | |
Всего комментариев: 0 | |