КҮЙЕУІҢІЗДІҢ МЫНА ҚАСИЕТТЕРІН ҚҰРМЕТТЕСЕҢІЗ, ОНЫҢ АЛМАЙТЫН АСУЫ БОЛМАЙДЫ! (психологтардың кеңесі)
* * * Күйеуіңізді жай ғана құрметтеу жеткіліксіз. Себебі, оқыған, көзі ашық адам ретінде сыпайылық пен мәдениеттілікті қоғамдағы кез-келген адамға көрсете аласыз. Ал өмірлік жолдасыңыз автобуста бір рет орын беріп, енді ешқашан ұшыраспауыңыз де мүмкін қоғамдағы әйтеуір бір кісі емес қой? Сондықтан көшеде қаншалықты интеллигент болсаңыз, үйге келе салып маскаңызды шешкендей ер адамның мазасын алудың қажеті жоқ. Яғни түзде қандай сән-салтанатты болсаңыз, үйде одан да асып түспесеңіз, кем болмағаныңыз дұрыс. Бұл, әрине, «әдепті адамның рөліне кіріп ал да, шықпай қой» деген мағына емес. Күйеуіне, қала берді оның ет жақындарына деген құрмет әйел адамның болмысына айналып кетуі керек. Сонда ғана ер адам сол құрметті еселеп қайтаруға, қарымтасын беруге асығып тұрады. Оның да әйеліне деген құрметі оянады. Қазақ «ерін сыйлаған әйел есікте қалмайды» дейді. Ондай әйелдің Алла алдындағы дәрежесі артады. Ал Алла кімді жақсы көрсе, оны аспандағы періштелер де, жер бетіндегі адамдар да жақсы көріп кететіні хадистен белгілі. Сондықтан, құрмет отбасындағы бақытты сақтаудың ең маңызды бөлігі екенін ұмытпауымыз керек. әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 244 | |
Всего комментариев: 0 | |