Салт-дәстүр сөйлейді

АЯҚТЫ АСПАНҒА КӨТЕРМЕ

Әбілет пен Тәбілеттің аяқтарын көкке көтеріп жататын жаман әдеті болыпты. Осы әдеттерінен тыйыла алмапты. Кейін күнәлі болып, Тәңірі алдына барғанда оларды ерекше жазалайды. Екеуінің аяғын аспаннан келтіріп, салбыратын іліп қояды.

  • Уа, Тәңірім, неге бізді бұлайша жазаладың? – дегенде, Тәңірі тағала:
  • Сендер үнемі аяқты көкке қаратып жататын едіңдер. Бұл мен үшін жағымсыз қылық деп талай рет ескерттім де. Құлақ аспадыңдар. Енді осы әлепсіз қылықтарың үшін қиямет-қайымға дейін тұрасыңдар, - дейді.

Осыдан бастап ел арасында аяқты көкке көтеріп жатуға болмайды деген тыйым таралыпты. Көкке аяқ созсаң, Тәңірі шамданады деп сенеді. «Аяғы аспаннан келді», «көктен келді» деген тіркестер Әбілет пен Тәбілеттен қалыпты.  

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (10/08/2020)
Просмотров: 250 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: