ӨТІРІКТІ АНЫҚТАУ Адамзат өтірікті анықтау үшін қаншама аппараттар мен техникалар ойлап тапты: қан қысымын өлшеуіштер, тыныс алудың жиілігін есептегіш, дауыс ырғағының анализаторлары, көз қимылын бақылаушы приборлар, инфрақызыл ми сканерлері т.б. Ал мәтіннің лингвистикалық анализі технологиясы адамның өтірік айтып тұрғанын анықтаудың 4 тәсілін ұсынады:
«Денсаулығыңызды түзегіңіз келсе, алдымен өтірік айтуды доғарыңыз» дейді ғалымдар. Олар өтірік айтудың денсаулыққа зиян екенін анықтады: өтірікті жиі айтатын адамдар ашуланшақ келеді, басы жиі ауырады, қан қысымы жоғарылап, жүрек ауруларына да бейім келеді. Өтірік айту екіжүзділікке алып барады. Ол екеуі де үлкен күнәға жатады. Алла тағала Қасиетті Құранда: «Өзің білмейтін (әрі өзіңе қатысы жоқ) нәрсеге елікпе (яғни, білмегенді білдім, көрмегенді көрдім, естімегенді естідім деп айтпа). Шындығында, құлақ, көз және жүрек сынды дене мүшелерінің бәрі де (Алланың алдында) жауапқа тартылады» («Исра» сүресі, 36-аят). «Жалған сөзден аулақ болыңдар!» деп бұйырады («Хаж» сүресі, 10-аят!. Сондай-ақ, біреудің сізге өтірік айтып тұрғанын сезсеңіз, оған күдікпен, жек көрушілікпен қарамаңыз. Керісінше, оның дұрыс емес екенін айтып, түсіндіріңіз. Бір рет өтірік айтты, енді оған ешқашан сенбеймін деп сенбеушілік танытуға тағы болмайды. Бір істің анық-қанығын білемейінше біреуге күмәнданып қарауға да тыйым салынған. әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 227 | |
Всего комментариев: 0 | |