АДАМДЫ БАҚЫТСЫЗДЫҚҚА ҰРЫНДЫРАТЫН 18 СЕБЕП 
 - Үнемі «басқалар не айтар екен?» деп алаңдап жүру;
 
 - Жеңілдің астымен, ауырдың үстімен жүретін жолды таңдау;
 
 - Жалқаулану;
 
 - Тәуекел етуден қорқу;
 
 - Барлығына жағуға тырысу;
 
 - Жақындарың мен ата-анаңды ұмыту, олардың разылығын алмау;
 
 - Бос уақытты төрт қабырғада өткізу;
 
 - Өзіңді кінәлай беру;
 
 - «Қолымнан келмейді» деп үміт үзу;
 
 - Өкіну, өткен күннің шырғалаңынан шыға алмау;
 
 - Кек сақтау, біреуді жек көру;
 
 - Жауапкершіліктен қашу;
 
 - Орындай алмайтын уәде беру, сөзде тұрмау;
 
 - Жаман нәрселерді ойлау;
 
 - Біреудің жетістігін көре алмау, қызғану;
 
 - Үнемі өзгелерді кінәлауға асығу;
 
 - Жаман әдетке салыну (шылым шегу, арақ ішу, құмар ойын, т.б.);
 
 - Өмірге, тағдырға налу. Баста тұрған бақытты бағалай алмау. 
 
 
 
әзірлеген 
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ 
М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі 
Павлодар қаласы 
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі  
		
	  |