Пайдалы кеңес

САЛИҚАЛЫ БАЛА ҚАЙДАН ШЫҒАДЫ?

Үйде жүрсіз. Көршіңіз бірдеңе деп ұрыс шығарды. Сіз сабырлық таныттыңыз. Бетінен алып, төсіне шапқан жоқсыз. Керісінше, жақсылық жасадыңыз. Бұл үнемі солай қайталана берді.

Ылғи осы көріністі көріп жүрген бала бір күні сізден:

  • Әке, ол сізге дауыс көтерді ғой. Бірдеңе деп айтып тастасаңызшы, - дейді. Сонда сіз:
  • Мен Құдайдан қорқамын. Алла бізді көріп тұр ғой, - деп жауап берсеңіз, бала санасына тәрбиенің ұрығын ектім деп есептей беріңіз...

                                                            

Кейде үнемі басқаларға жақсылық жасап, туыс-туған мен көрші-қолаңның, дос-жаранның бәріне жомарттық танытып жүрген сізге балаңыз кейіп:

  • Әке, өзімізге де керек қой, неге ел-жұртқа таратып бере бересіз? – дейді.
  • Оны бізге Алла берді ғой, егер қаласа, тағы да береді. Тыққаның жоғалады, бергенің оралады, балам, - десеңіз, бұл нәрсе оның санасының ең терең түкпірінде жатталып қалады. Жұртқа жұғымды болу, қолдан келгенше жақсылық жасау бірте-бірте бойына сіңе бастайды. Сөйтіп, есейе келе ол да ізгілікке жаны құмар, адамгершілігі мол қоғамдағы «тірі» балаға айналады!

Өз кіндігімізден тараған ұрпағымыз жамандыққа жоламай, керісінше өзгелерге жақсылықты жұқтырып жүретін болса, асыл мұратымыздың орындалғаны осы емес пе?!

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (22/06/2020)
Просмотров: 257 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: