ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ОЙ-ПІКІРЛЕР Қоғамдық-саяси көзқарастары: Жалпы, ХХ ғасырдың басында қазақ зиялы азаматтарының қоғамдық-саяси көзқарастары үшке жарылды. Атап айтқанда:
Ж.Аймауытов: «Бір жағынан үй іші – әкеге, әлеумет – рубасыға бағынған, тапқа, жікке бөлінбеген, қазақ ішінде туып-өскен болса, екінші – татар медресесінде оқып, түрікшілдік, исламшылдық рухында тәрбиеленсе, үшінші – патша саясаты шымбайға батып, отаршылдық зардабы қазақтың ұлтшылдық сезімін оятқан дәуірдің ұлы болса, төртінші – орыс зиялыларының қаймағы бұқарашыл, халықшыл болып жатқанын сезіп-білсе, бесінші – батыстың, қала берсе орыс ақындарының санашылдық (идеализм), дарашылдық мектебінен сабақ алса, енді Мағжан қай пікірдегі ақын болып шығуы керек? Олай болып шықпау мүмкін емес. Әлеумет ортасының, заманының жағдайы солай». Бұл жолдардан ақын поэзиясына әсер еткен тарихи, әлеуметтік, саяси, рухани жағдайларды дәл көрсете отырып, оны мұңды, сыр-сезімге толы жырларды түсінудің негізгі кілті, шарты, бастау көзі етіп алғандығын көреміз. Әрбір дәуірдің немесе қоғамның өзіне ғана тән жағдайы, тіпті басқалармен салыстыруға келмейтін өзіндік ерекшеліктері болады. Сәкен Сейфуллин және оның серіктері де социалистік жүйені, оның идеялық дем берушісі коммунистік партияны халықтарға бақыт пен бостандық әкелуші деп сенді. Тіпті, сенбеген кезде, сөз жүзінде мейлінше тартымды коммунистік партияның саяси платформасын ұлттың көгеріп-көктеуіне пайдаланбақшы болып жан-тәнімен қимылдады. Алайда, мемлекеттік төңкерістер мен идеологиялық өзгерістерге қарамастан Ресейде өзгеріссіз қалған қызыл империялық озбырлық Сәкеннің де, Сәкен сияқты жүздеген-мыңдаған боздақтардың да, керек десеңіз, мүлде басқа жолдарды таңдаған ұлтжандылардың да армандарын қиялға айналдырып, өмірлерін қасіретке тап қылды. Дегенмен, олардың барар жолдары әркелкі болғанымен, олардың ұстанған мақсат-мұраттары бір еді, ол – Қазақ елінің Тәуелсіздігі. Кезінде рухани тұлғаларымыздың арман-тілектері, ұстанымдары, енді ғана шын мәнінде өз бағаларын алып, олардың пікір-көзқарастарының дұрыстығын, бүгінгі күндері өзінің заңды жалғасын тапқан азаттық идеясының тарихи сабақтастығынан көре аламыз. Қазіргі таңда – Қазақ елі өзінің Тәуелсіздігін одан әрі қалыптастыруда бір кездері Алаш азаматтары көтерген өміршең идеяларды бетке ұстап отыр.
Саяси-қоғамдық афоризмдері: Әр мемлекеттің іргесі бөлек, ынтымағы бір болмақ керек. Әрқайсысы өз тізгінін өзі алып жүрсін. (Ә.Бөкейхан) * * * Тәуелсіз Түркістан құру пікірін ұзақтан бері ұстанып келе жатқандығым себепті, орыс демократтарына жақын жүріп келдім. Мені олардан Керенскийдің «бюрократтық кесірлігі» де айыра алмаған еді. Тек менің халқымды «хайуан», «орангутан» деп атағандары жер-жебіріме жетті. Бұдан әрі төзу мүмкін болмады. (М.Шоқай) * * * ...Бұл күнде біздің бір ғана жолымыз бар. Ол – ұлтты құтқару жолы. Біздің мұратымыз – ұлттық, тәуелсіз Түркістан... «Хайуан», «орангутан» атанғаны ұлтымыздың жадынан ешқашан шықпайтынын және оны шығара да алмайтынын Керенскийдің біліп қойғаны жөн. (М.Шоқай) * * * Әділдік жоқ жұртта береке-бірлік болмайды. (Ә.Бөкейхан) * * * Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болам! (С.Торайғыров) баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 7 | |
| Всего комментариев: 0 | |
