Пәлсапа пернелері

ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ОЙ-ПІКІРЛЕР

ХХ ғасырдың басында қазақ топырағында бір топ талантты ойшыл ақындар, қоғам қайраткерлері дүниеге келді, әрине оларды дүниеге келтірген қоғамдық жағдайлар, ең алдымен ол 1861 жылдан бастап басыбайлық құқық жойылғаннан кейін Ресей құлаш жайып дами бастады. Капитализм ХХ ғасырдың басында Батыс Еуропа елдерінде империализмге ұласты, отыршылдық езгі күшейді. Соған сәйкес Ресейдің орталық аудандарында революциялық қозғалыс, ал шет аймақтарында ұлт-азаттық қозғалыс пайда болып, күшейе түсті. Ұлт аймақтарында өсіп шыға бастаған зиялылар өкілдерінің ұлттық сана-сезімі оянып, олар ұлттық теңсіздікке, езгіге наразылығын бідірді, бостандықтың жолдарын іздестірді.

 

Шығармалары:

ХХ ғасырдың басында сана-сезімі оянған ұлт-азаттық қозғалысы өкілдерінің екінші бір арманы надандықтан арылу, қазақтың санасын ояту, әйел теңдігін жақтау, керенаулықтан құтылу болды. Мұны С.Көбеевтің «Қалың мал» романы, М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романы, С.Торайғыровтың «Қамар сұлу», «Кім жазықты» романдары, М.Әуезовтің «Қорғансыздың күні» деген әңгімесі, т.б. көрсетеді. Бұл шығармаларда ғасырлардан келе жатқан әлеуметтік теңсіздік, қыздарды малға сату, шалдарға еріксіз тоқал ету сияқты ескі реакциялық әдет-ғұрыптар әшкереленді.

Сол кездегі қазақтың алдыңғы қатарлы ойшыл-азаматтарын ойландырған қандай мәселелер?

Ең алдымен оларды ел тағдыры, отаршылдық бұғаудан құтылу, дербес тәуелсіздік мемлекет құру жайы толғандырды. Өйткені патшалық Ресей Қазақ еліндегі басқа ұлт аймақтары сияқты өзіне қосып алған соң, қазақ жерлерін Ресейдің меншігі деп жариялап, отаршылдық тәртіп орнатты, құнарлы жерден, өзен-көл жағаларынан, тау етектерінен қазақтарды ығыстырып шығарып, оларды құнарсыз, шөлейт жерлерге айдап салды, әскери бекіністер орнатып, Ресейден помещиктердің бұғауынан босағанымен, жерсіз, шаруашылықсыз қалған жүз мыңдаған орыс шаруаларын (қарашекпенділерді) әкеліп қоныстандырды, орыс-қазақ әскери қолдарын орналастырып, бекіністер салды, тарихи жер-су аттарын өзгертіп, орысша атады, олардың бұрынғы табиғи қалыптасқан атауларын ел санасынан өшіріп, ұмыттыра бастады. Бұл алдын ала ойластырылған, халықтың қанын теспей соратын нағыз отаршыл басқыншылардың Америкада байырғы үндістерге қолданған жауыз, айуандық әрекетіне ұқсас саясат болатын. Отаршылдық саясат бойынша қазақтың атын да «киргиз» деп өзгертіп, не бұратана, тіпті дала адамы (степняк) деп кемсітіп, оларды өз мекенінен айырмақ болды. Жергілікті халық екі түрлі қыспаққа қалды: бірі – отаршылдық езгі де, екіншісі – жергілікті үстем тап езгісі. Бірақ қазақтар американдық үндістерге қарағанда мыңдаған жылдарға тамыр тартқан тарихи мәдениеті қалыптасқан, үлкен адамгершілік әдет-ғұрыпты, ар-намыс пен пен сыпайылықты дәріптеп, сыйлаған озық ойлы болатын. Олар мұндай қорлыққа төзбеді. Олар, бір жағынан, қарапайым орыстан өзіне жақын дос тапса, екінші жағынан, отаршылардан қастандық, арамдық көрді.

Отаршылдыққа әбден наразы болған Шортанбай Қанайұлы (1818-1881), Дулат Бабатайұлы (1802-1871) және Мұрат Мөкеұлы сияқты ақындар, былайша айтқанда «Зар заман» өкілдері қазақтың жерін тартып алуға, әдет-ғұрыпты таптаушылыққа қарсылық білдірді. Қазақтың соңғы ханы – Кенесары Қасымұлы, Махамбет Өтемісұлы, Жанқожа Нұрмұхаметұлы, Аманкелді Иманұлы, Бекболат Әшекейұлы басқарған ұлт-азаттық көтерілістері шықты. Патша өкіметі бұл көтерілістерді аямай басу үшін жазалау отрядтарын жіберіп, қарапайым барша халықты қырғынға салды.

ХХ ғасырдың басында қазақтардан С.Торайғыров, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, Ә.Бөкейхан, М.Шоқай, М.Дулатов, Н.төреқұлов сияқты озық ойлы топ қоғам қайраткерлері саяси аренаға шықты. (жалғасы бар)

баспаға әзірлеп, жиған-терген                     

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі                     

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (08/09/2025)
Просмотров: 14 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: