Пәлсапа пернелері
ШӘКӘРІМ (ШАҺ-КӘРІМ) ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ (1858 ж. 11 шілде, Абай облысы, Абай ауданы, Шыңғыстау бөктері – 1931 ж.)
Философиялық шығармалары:
Оның толғамаған тақырыбы, проза, эссе, дастан, аударма, хроникалық шығармалар, т.б. Сондай-ақ, Шәкәрім мұрасында эпостық жанрдың бір түрі – белгілі бір оқиғаны өлеңмен баяндайтын, сюжетке құрылатын шығармалар, поэмалар ерекше орында тұр. Шәкәрімнің көзі тірісінде жарияланған шығармалары: «Қазақ айнасы» (1912, Семей), «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек», «Қодардың өлімі», «Нартайлақ-Айсұлу», «Мұтылғанның өмірі» поэмалары, «Қазақтардың кітабы» (этнофилософиялық), «Мұсылмандық шарты», «Әділ-Мария» көлемді романы, «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» тарихи шығармасы.
Бұдан басқа, ақын Пушкиннің, Толстойдың, Шығыс жұлдыздары – Физули, Хафиз, Науаи, өзінің сүйікті ақындары – Лермонтов, Некрасов, Байрон шығармаларын көптеп аударған.
Шәкәрім жалқаулық, енжарлық өте зиянды әдет деп әшкерелеп, жастардың бойында ғылымды меңгеру, халық ағарту ісі мен туған елдің прогрестік дамуы жолындағы барлық қиындықтарды жеңу үшін күш-жігер, ерік, еңбек сүйгіштік қасиеттердің мол болуын уағыздайды. Ол Меккеге барғанда, шариғаттың мұсылмандарға міндет еткен бес парыздың бірі - қажы–ық борышын өтейін және «қажы» деген атақ-дәреже алайын деген оймен бармаған. Анығы «Шәкәрім тіршілік, тағдыр туралы сауалдарына жауап іздейді. Оқу іздеу аймағын кеңейте түседі. Дін тану емес, ел тану, жер көру мақсатында қажылыққа барып қайтады». Негізгі көздеп барған жері, үлкен мәдениет орталығы, бай кітапханалары бар париж, Стамбұл қалалары болған. Әдейілеп іздеп барғанда, ақын өзіне керегін сол жерлерден тапқан.
Шәкәрім дін мәселесінде фанатик емес, ол схоластик, дінті тіпті мойындамаған, діни соқыр сезімнен мүлде аулақ, сыншыл еркін ойдың, өз сөзімен айтқанда, «ноқтасыз ойдың», «сау ақылдың» адамы болған.
Жалпы, тұжырымдап айтсақ, Шәкәрім Құдайбердіұлының философиялық, әлеуметтік, этикалық, эстетикалық ойлары ХІХ ғасырдың аяғы, ХХ ғасырдың басындағы осы бір күрделі кезеңнің барлық күшті және осал жақтарын бейнелеген көрсеткіші және сол кездегі мәдениеттің, жалпы дүниежүзілік мәдениеттің синтезі болып табылады.
Шәкәрім шын мәніндегі өзінің ұстазы Абайдың дүниеге деген көзқарастарын, ойларын, жалпы дүниетанымын алға жетелеуші, өміршең философиялық ойды ағартушылық бағытта әрі қарай дамытқан нағыз қазақ арасынан шыққан ойшыл болды.
Оның ойлары және ілімі сол кездегі кең таралған діни догмаға үлкен соққы болып тиді.
Шәкәрім өмір бойы ақылдың туын жоғары көтеріп өтті. Рационалды әдісті (адамның танымдық қасиеттеріне негізделген) жақтады. Ғылыми ойды діннің әсерінен босатуға, қорғауға, философиялық мәселелерді теологиядан бөліп алуға, философия мен жаратылыстану арасында тығыз байланыс орнатуға тырысты. Ол бүкіл адамзат қауымы жете алатын барар жол мен тәсілдерін іздестірді.
Философиялық афоризмдері:
Молдалар: «Жан денеден шыққанда қатты қайғырады» дейді. Өтірік айтады. Неге десеңіз: жан ақылмен бірге шығатын болса, дене тұтқыннан құтылғанына қуанса керек. Егер ақыл жоғалатын болса, қайғыруды білмесе керек.
* * *
Дүниенің қайғысы ақ жауындай үзілмей жауса, қуаныш анда-санда найзағайдай жарқ етеді де өшеді – бұл неліктен? Бұл – адам баласының қиянаты көптігінен, мейірімнің аздығынан. (жалғасы бар)
баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 11 | |
Всего комментариев: 0 | |