Пәлсапа пернелері
ШӘКӘРІМ (ШАҺ-КӘРІМ) ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ (1858 ж. 11 шілде, Абай облысы, Абай ауданы, Шыңғыстау бөктері – 1931 ж.)
Қазақтың рухани мәдениеті мен менталитетінде өшпес із қалдырған алып тұлға, гуманист әрі Абайдың немере інісі және ұлы ақынның ілімін жалғастырушы.
Ол арнайы оқу орнында оқымаса да араб, парсы, орыс және шағатай тілдерін өз бетімен үйренген. Абай сияқты Шәкәрім де Қазақ Елін қалай өркениетті, мәдениетті елдер қатарына қосамын деп талпынды. Оның ойынша, бұл азаматтық өтеудің шарты – туған елдің бүкіл тарихи, мәдени құндылықтарын жоғалтпай, оларды заман талабына сәйкес қолдану.
Шәкәрімнің рухани ізденісінде ежелгі сақ-түрік заманына қалыптасқан ғарыштық дүниетаным ерекше орын алады. Тәңірі, Нұр, Күн, Табиғат – ол үшін қасиетті, киелі ұғымдар. Шәкәрім «Үш анық» деп аталатын трактатын жазуға отыз жылдай уақытын сарп етіпті. Бұл ақынның ғылымға деген үлкен жауапкершілігі мен тазалығы болса керек. Ол мұнда Батыс пен Шығыс мәдениетінің рухани қазына көздеріне бас қойып, жаратылыстану ғылымдары салты бойынша да көптеген Еуропа ғалымдарының еңбектерімен таныс болғанын көреміз. Шәкәрім өмір бойы өзін өзі жетілдірумен өткен адам. Ол әдебиет, тарих, философия, жаратылыстану ғылымдарымен де шұғылданды. Оккультизм, спиритуализм, магия мәселелерімен де шұғылданды. Ал философиялық дүниетанымында ежелгі антикалық классиктер – Пифагор, Демокрит, Эпикур, Платон және Аристотель басты орында болды. Ол сондай-ақ ХІХ ғасырдың аяғы, ХХ ғасырдың басындағы француз философы о.Конт, ағылшынның позитивист философы Г.Спенсер, идеалист Нелийдің, пессимист философ А.Шопенгауэрдің, т.б. философиялық еңбектерімен таныс болды.
Шәкәрім өзіне дейінгі рухани ұстаздары – Шоқан, Ыбырай, Абайға қарағанда, Грекия, соның ішінде Еуропа кәсіби философиясының тарихымен тікелей шұғылданып, оларды тек біліп қана қоймай, өз пікірлерін, ойларын ортаға салып айта отырып, өмірде қазақ кәсіби философиясының іргетасын қалап, өзі қазақтың алғашқы кәсіби философы атанды.
Философиялық көзқарастары:
Қазақ мәдениетінде бұрыннан келе жатқан идея – жанның мәңгілігі. Әл-Фараби мен Қожа Ахмет Иассауи, Абай мен Мағжан, жалпы Шығыс ғұламалары бойынша, адамның дүниедегі тіршілік ету мағынасы жанның мәңгілігімен айқындалады. «Жан, - дейді Шәкәрім, - менің айтқанымдай баста бар болса, тұрған денесі орын болуға жарамаған соң, денеден шыққанда біржола жоғалып кетпейді. Құр ғана өзгеретін болса, бұрыннан бар жанның жоғалуына түк дәлел жоқ. Олай болса, бір түрге түсіп, барлықтың ішінде бар болып жүреді».
Философиялық шығармалары:
Шәкәрімнің «Үш анық» атты шығармасы негізгі философиялық шығармалардың негізгі философиялық шығармалардың бірі болып табылады. Мұнда философия тарихына байланысты көп мағлұматтар бар. Оның бұл шығармасындағы сөз болатын басты мәселе: «Адамдағы ынсап, әділет, мейірім – үшеуі қосылып ұждан деген шығады. Шәкәрімнің ұжданы ежелгі гректердің «каллокагатия», И.Канттың «кесімді императив» ұғымдарымен астас. (жалғасы бар)
баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 9 | |
Всего комментариев: 0 | |