Пәлсапа пернелері

АБАЙ (ИБРАҺИМ) ҚҰНАНБАЙҰЛЫ

(1845 ж. 10 тамыз, Абай облысы, Шыңғыстау – 1904 ж. Шыңғыстаудағы Жидебай)

Абай шығармаларында, оның дүниеге көзқарасында стихиялық диалектиканың да орын алғанын байқауға болады. Айналадағы дүниенің мәңгі қозғалыста, дамуда екенін былай түсіндіреді: «Дүние бірқалыпта тұрмайды, адамның қуаты, өмірі бір қалыпта тұрмақты берген жоқ». Немесе «Дүние – үлкен көл, замана – соққан жел», - дейді Абай. «Отыз жетінші сөзінде». Оның ойынша, дүниеде өзгермейтін, құбылмайтын мәңгілік еш нәрсе жоқ. Табиғатқа да, адамға да осы заң ортақ екенін айтады. Мәселен, «Отыз жетінші сөзінде» Абай: «адам баласын замана өсіреді, кімде-кім жаман болса, замандасының бәрі виноват», - деп жазды. Олай болса, адамды адам тәрбиелейтін оның ортасы, әлеуметтік ортасы, достары болмақ. Былайша айтқанда, адамның жаман не жақсы болуы Құдайдан емес, тәрбиеден екенін мойындайды. «Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім», - дейді Абай. Әрине, бұл пікірлер Абайдың діни уағыздарға сене бермейтінін көрсетеді. ол "Қырық«төртінші сөзінде»: адам баласының ең жаманы – талапсыздық деп атап көрсетті. Абай әр нәрсенің, істің өлшемі болады деп білді. Егер өлшем сақталмаса, шектен шықса, сапалық өзгеріс болатынын айтты. «Қырық үшінші сөзінде» Абай: «Әрбір нәрсенің өлшеуі бар, өлшеуінен асса – жарамайды. Өлшеуін білмек – бір үлкен керек іс. Ойланбақ жақсы, іске тіпті салынып кеткен кісі ойын байлай алмай, қияли болып та кеткені де болады. Ішпек-жемек, кимек, күлмек, көңіл көтермек, сүймек, мал жимақ, мансап іздемек айлалы болмақ, алданбастық – бұл нәрсенің де өлшеуі бар. Өлшеммен асырса, боғы шығады», - дейді. Абай: Оның ғажап тағы бір ойы: «...Көпте ақыл жоқ. Ебін тапта, жөнге сал», - деген. («Отыз жетінші сөзі»). Абай шығармаларында, әсіресе бес қара сөздерден тұрған оның ғақлияраында талай философиялық ойлар, толғаулар айтылған. Шоқан мен Ыбырай сияқты Абай да қазақтың ұлттық мақтанышы. Оның ой-пікірі – прогресшіл адамзаттың тұжырымы. Өйткені ол мистикалық ойдан аулақ болды, ақыл-парасатты дәріптеді. «Отыз сегізінші сөзінде» Абай: «күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Содан қашпақ керек: әуелі надандық, екінші – еріншектік, үшінші – залымдық», - дейді.

 
Философиялық шығармалары:
Шығармалары үш жүйемен өрбиді: бірі – өз жанынан шығарған төл өлеңдері; екіншісі – ғақлия (немесе қара сөз) деп аталатын прозасы; үшіншісі – өзге тілдерден, әсіресе орысшадан аударған өлеңдері.
Абай өлеңдері түгел дерлік лирикадан құралады, поэма жанрына көп бой ұрмағаны байқалады. Қысқа өлеңдерінде табиғат бейнесін, адамдар портретін жасауға, ішкі-сыртқы қылық-қасиеттерін, мінез-бітімдерін айқын суреттермен көрсетуге өте шебер. Қай өлеңінен де қазақ жерінің, қазақтың ұлттық сипатының ерекшеліктері көрініп тұрады. Ислам діні тараған Шығыс елдерінің әдебиетімен жақсы танысу арқылы өзінің шеберлік-шалымын одан әрі шындайды. Шығыстың екі хикаясын «Масғұт» және «Ескендір» деген атпен өлеңге айналдырады. Ислам дініне өзінше сенген діни таным жайындағы философиялық көзқарастарын да өлеңмен жеткізеді.

 
Философиялық көзқарастары:
Абайдың дүниетанудағы көзқарасы ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақтың экономикасы мен ой-пікірінің алға ұмтылу бағытта даму ықпалымен қалыптасты.
Дүниетану жолында сары-орыстың төңкерісшіл демократтарының шығармаларын оқып, өз дәуірінің алдыңғы қатарлы ой-пікірін қорытып, басқаларға қазақ өміріндегі аса маңызды мәселелерді түсіндіруге қолданады. Дүниетану өңірінде екі қасиеттің – сезім мен қисынның, түйсік пен ақылдың қатынасын таразылайды. Сондықтан да: «ақыл сенбей сенбеңіз, Бір іске кез келсеңіз», - деп жазады.
Кез келген халықтың тарих сахнасына шығуы – жүйеге бейімделген біртектес өмір салттың ғана нәтижесі емес, сонымен бірге қасиеттік деп саналатын арман-аңсардың (идеал) да біртұтастығына айғақ. Олай болса, абай сынының тәлкегіне түскен еріншектік, дарақылық, жалқаулық, күншілдік, өтірікшілік, өсекшілдік, мақтаншақтық, жағмпаздық, жікшілдік сияқты қасиеттер қазақ баласының кейбірінің бойындағы туа біткен кемшілік емес, сол Абай өмір сүрген қоғамдағы саяси-әлеуметтік қатынастардың нәтижесі екеніне ден қою қажет. Сонда Абай бұрынғы бабаларымыздың бойынан көрген «кемшіліктерді» себеп ретінде емес, сол замандағы саяси-әлеуметтік қатынастардың салдары ретінде қарастыруға жол ашқан.

 
Философиялық афоризмдері:
Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады.
* * *
Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі де – ақымақшылық.
* * *
Ешер жаманшылықты көп қылған болсаң, балаңның оқыған құраны сені неге жеткізеді?
* * *
Иман сақтауға – қорықпас жүрек, айнымас көңіл, босамас буын керек.
* * *
Тіл жүректің айтқанына көнсе – жалған шықпайды.
* * *
Жаманмен салысып жақсы болмайсың.
* * *
Бір озған, бір жыққан үнемі озып, үнемі жығып жүрмейді.
* * *
Адам баласы жылап туады, кейіп өледі.
* * *
Әуелі құдайға сиынып, екінші өз қайратыңа сүйеніп еңбек қылсаң қара жер де құр тастамайды.
* * *
Атадан баланың ойы өзге.
* * *
Баланың мал табары болады, мал шашары болады.
* * *
Өзің мал таба алмасаң – балаң мал тапсын.

баспаға әзірлеген                                           

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі                     

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (21/05/2025)
Просмотров: 9 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: