Пәлсапа пернелері

ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН

(1841 ж. Қостанай облысы, Қостанай ауданындағы Арақарағай – 1889 ж. Тобыл өзенінің бойы)

Ыбырай қазаққа көшпелілік тұрмыстың тұсау болып отырғанын да атап көрсетті. Ол қазақтардың өмір бойы көшпелі тұрмыста қала беруін қуаттамауымен қатар, «халық өзінің даму жолында көшпелілік өмірден отыршылыққа ауыспай қоймайды» деп қорытты. «Халыққа білім беру, көзін ашу ісінің өзі осы отырықшылықпен тығыз байланысты» деді. «Қазақ көп ұзамай орыс мемлекетімен қоян-қолтық араласып кететін болады. Бұл жақындықтан ол тек қана бақыт табады және ол малшы болып қалмайды, сонымен қатар диқаншы да, ресейдің қасиетті туы астында жақсы жауынгер де бола алады» деп жазды Ыбырай.
Бірақ Ыбырай патша өкіметінің Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторлықтарында дала облыстарын басқару жөніндегі 1868 жылы қабылданбақ болған уақытша ережесін сынға алды. Оның қазақтың тұрмыс-салтын, көшпелі өмір сүрген әдет-ғұрпын, шаруашылығын есепке алмай, оны күштеп отырықшылыққа айналдырмақшы болғанын, артық жерлерін тартып алып, Ресейдің орталық аудандарынан келген қоныс аударушыларға бермекші екенін бүкпесіз ашық сынады. Ы.Алтынсарин былай деп жазды:
«Даланы мекендеген халықтардың өміріне жасанды түрде төңкеріс жасауға шешім қабылдамас бұрын алдымен осы халықты және оның өмірін зерттеп білу ақылдырақ іс болмай ма? бұл халықта отырықшылық үшін қандай алдын ала орындалған шарттар бар?.. т.б. Сол сияқты мәселелерді күні бұрын алған дұрыс болмай ма? мұның өзі ағат қадам жасамау үшін керек. Өйткені бүгін бір халықтың өмір салтын күшпен өзгерту кейде нағыз қабілетті халықтың өзін де енжар селқос халыққа айналдырып жіберуі мүмкін. Башқұрт халқы осындай жағдайға душар болды деушілер көп. Шындығында, айналдыруға болмайды ғой».
Ыбырайдың еңбектері, мақалалары, хаттары, олардың дүниеге материалистік көзқарас тұрғысынан, тәжірибелі қиялдық анықтаушы тұрғысынан жазылғанын байқатады. «Білім дегеніміз өзімізді қоршаған шындықты танып-білу» деп түйіндеді Ыбырай. Ол мектептегі діни-схоластикалық оқуға қарсы шықты. Өзі ашқан мектептерде оқу процесін осы тұрғыдан жүргізді. Бірақ ол ашық қарсылық көрсеткен жоқ. Кейбір шығармаларында оның Құдайға сенуі де байқалады. Шариғат мәселесінде діни кітаптарды оқу жеңіл болсын деп Ыбырай қазақ тілінде орыс әріптерімен де жазып көрді. Бірақ, жалпы алғанда, Ыбырай Алтынсарин өз заманындағы алдыңғы қатарлы ойшыл, адамгершіл, ағартушы, демократ болды.

 
Философиялық-педагогикалық афоризмдері: 
Нәрсенің сыртына қызықпа, асылы ішінде.
* * *
Көңіліңді, бойыңды мөлдір бұлақтай таза ұста.
* * *
Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды міндет етпе.
* * *
Байлық – қанағат пен еңбекте.
* * *
Аз жұмысты қиынсынсаң – көп жұмысқа тап боласың.
Азға қанағат қылмасаң – көптен құр қаласың.
* * *
Қашанда бір істі істегіңіз келсе, ол іске әуелі ақылыңызды, онан соң көзіңізді жұмылдырыңыз, содан соң ақылыңыз дұрыстанса, көзіңіз көріп жөнін тауып мақұл көрсе, тіліңіз бен қолыңызға сонда ерік беріңіз.
* * *
Еңбекпен табылған тамақ тәтті әрі сіңімді болады.
* * *
Өнер-білім бар жұрттар,
Тастан сарай салғызды.
* * *
Өнер-білім бәрі де 
Оқуменен табылған.
* * *
Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі.
* * *
Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиісті емес, оларға түсіндіре алмай отырған өзін кінәлауға тиіс.

баспаға әзірлеген                                           

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі                     

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (28/04/2025)
Просмотров: 5 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: