Пәлсапа пернелері

ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН

(1841 ж. Қостанай облысы, Қостанай ауданындағы Арақарағай – 1889 ж. Тобыл өзенінің бойы)

Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогі, жазушы, этнограф, фольклоршы.
Орынбор шекара Комиссияның қазақ балалары үшін ашылған мектебінде 1850-1857 жылдары оқып, оны үздік бітіріп шықты. Жастайынан туған әкесінен жетім қалып, Ыбырай үлкен әкесі Балғожа бидің қолында тәрбиеленді. Орынборда оқып жүрген немересі Ыбырайға жазған мына сәлем хатының үлкен тәрбиелік мәні болды. «Атамды сағындым деп асығарсың, сабаққа көңіл қойсаң басыларсың, Ата-анаңды өнер білсең асырарсың, Надан боп білмей қалсаң, аһ ұрарсың». Ыбырай Орынборда оқып жүрген кезінен бастап, бұл өлкеде айдауда жүрген әртекті орыс зиялыларымен араласты, белгілі Шығыс зерттеушісі В.Григорьевтен дәріс алды. Елге қайтып оралған соң халықтан қаржы жинап, мектеп үйін салуға кірісті. Мектеп 1864 ылдың қаңтарында ашылды. Ал мақсат-тілегін Ыбырай былай деп белгіледі: «Мен қазақ жастарының классикалық гимназияларда, ауыл шаруашылық академияларында оқып білім алуын, өз халқына қызмет етуін, жаңалықты іс жүзінде көрсете білуін жоғары мұрат деп білемін». Бала оқытып, тәрбиелеу жұмысында ол дүние жүзі педагогика классиктерінің идеяларын басшылыққа ала білді. Оған басшылық еткен Қазан университетінің профессоры, миссонер Н.И.ильминский болды. Ол Ыбырайға орыс алфавитімен жазылған оқу құралын жасауды ұсынды. 1879 жылы Ыбырай төрт тараудан тұратын әйгілі «Киргизская хрестоматия» («Қазақ хрестоматиясы») кітабын жазды. Сонымен қатар көптеген әңгімелер, өледер жазып, балаларды оқуға, білімге шақырды. Олардың біразы сол хрестоматияға енгізілді. «Кел, балалар, оқылық» деген өлеңінде ол: «Сиса көйлек үстінде, тоқуменен табылған, Сауысқанның тамағы шоқуменен табылған, Өнер-білім, бәрі де оқуменен табылған. Кел, балалар, оқылық, оқығанды көңілге, ықыласпен тоқылық», - деп жазды. Ыбырай «Қазақтарға орыс тілін үйретумен бастауыш құалы» («Начальной руководство к обучени киргизов русскому языку», Оренбург, 1879) атты 8 тараудан тұратын оқу кітабында «Зат есім», «Сан есім», «Үстеу мен жалғау», «Етістік» т.б. ұғымдарын тұңғыш рет енгізіп, талдап көрсетті. Ыдырай ө халқын мәдениетті, өнерлі елдердің қатарына қосуды арман етті. «Өнер, білім бар жұрттар, Тастан сарай салғызды. Айшылық алыс жерлерден, көзіңді ашып-жұмғанша, жылдам хабар алғызды», - деп жазды.
Ыбырай оқытушылық жұмыспен қатар халық училищелерінің инспекторы, Торғайдың уездік судьясы да болды. Алтынсариннің тікелей араласуымен мектептер, интернаттар, училищелер ашылды, олардың жанынан халық қаражатымен кітапханалар ұйымдастырылды. Ыбырай надандыққа, сауатсыздыққа қарсы болып, халықты еңбекке, білімге шақырды. Оған»Надандық», «Бай баласы мен жарлы баласы», «Лұпан Хакім», «Қыпшақ Сейітқұл» деген шығармалары дәлел болады. Мәселен, «Қыпшақ Сейітқұл» деген әңгімесінде Ы.Алтынсарин ағайынды екі адамды мысалға алады. Сейітқұл егіншілікпен айналысып, егін егеді, саудамен, т.б. шұғылданады. Сөйтіп басқаларға өнеге көрсетеді. Екіншісі ұрлықпен айналысады. Ақыры өмірі қорлықпен өтеді. Өзін белгісіз біреулер Түркістан жақта өлтіріп кетеді, ұрлықпен жинаған дүниесі талан-таражға түседі. Сөйтіп ыбырай халықты адалдыққа, еңбекке, отырықшылыққа шақырады, зиянды кертартпа әдеттерден безуді уағыздайды, арамдық жолдаг сақтандырады. «Араз бол, кедей болсаң, ұрлықпенен, Кете бар, кессе басың шындықпенен. Қорек тап бейнеттен де – тәңірім жәрдем, Телмірме бір адамға мұңдықпенен» деп халыққа ақыл-кеңес берді. Сонымен бірге патша өкіметінің қазақ балаларының ішінен тілмаш тәрбиелеп шығармақ болған әрекетін сынап, қазақ еліне тілмаштық емес, өнер-білім керек екенін орыс тілінде жазылған мақалаларында талай рет атап айтты. Қазақтың кішіпейіл, білімге құштар, достыққа адал екенін айтып отырды. (жалғасы бар)

баспаға әзірлеген                                           

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі                     

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (21/04/2025)
Просмотров: 10 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: