Пәлсапа пернелері

ШОҚАН (МҰХАММЕД-ҚАНАФИЯ) ШЫҢҒЫСҰЛЫ УӘЛИХАНОВ

(1835 ж., қараша, Қостанай облысы Сарыкөл ауданындағы Күнтимес – 1865 ж., сәуір, Алматы облысындағы Алтынемел тауы маңындағы Көшентоған)

1864 жылы наурыз айында Шоқан полковник Черняевтің шақыруымен Әулиеатаға (қазіргі Тараз қаласы) келеді. Орыс империясының Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияны Ресейге бағындыру жорығына аудармашы, жергілікті халықпен мәмілегерлік келісімдер жасау үшін қосылған ол полковник Черняевтің Әулиеатаны алу кезінде бейбіт халыққа жасаған жауыздығына куә болғасын, ренжіп, кейін қайтады. Содан Верный (қазіргі Алматы) қаласына келіп, одан әрі Тезек төренің аулына барып (бұрынғы Талдықорған облысы Күреңбел жайлауы Алтынемел асуының күнгейі) тоқтайды. Сонда үйленіп, тұрып қалады.
Сөйтіп жүргенде ескі өкпе ауруы қайта қозып, Шоқан 1865 жылдың сәуірінде қайтыс болады.
Шоқанның шығармаларын жинап бастыруда орыс ғалымдарының еңбегі аса зор. Орыстың жағрафиялық қоғамы басып шығарған Шоқан шығармаларына жазған алғы сөзінде академик н.И.Веселовский: «Шоқан Уәлиханов Шығыстану әлемінде құйрықты жұлдыздай жарқ етіп шыға келгенде, орыстың Шығысты зерттеуші ғалымдары оны ерекше құбылыс деп түгел мойындап, түркі халқының тағдыры туралы онан маңызы зор, ұлы жаңалықтар ашуды күткен еді. Бірақ Шоқанның мезгілсіз өлімі біздің бұл үмытымызді үзіп кетті!» деп жазды. Бірақ сол сол аз ғұмырында адам қабілетінің ғажайып мүмкіндіктерін, гуманизмнің биік өресін, ұлтжандылықтың жалтақсыз үлгісін, ғылыми қабілет пен алғырлықтың қайран қаларлық өнегесін барша болмысымен, нақтылы іс-әрекетімен дәлелдеп үлгерді.

 
Философиялық афоризмдері: 
Поэзияға, әсіресе, импровизацияға құштарлық – барлық көшпелі нәсілдерге тән қасиет.
* * * 
Өткенің туралы ойлағаның – бүгініңнің қамын жегенің.
* * *
Еңбекқорлық, ұлттық мақтаныш, принциптілік – сайып келгенде, осы қасиеттердің бәрі де халықтың тұрмыс-салты мен ұлттық мінезінен шығады.
* * *
Адам баласы табиғат аясында және ұдайы табиғат ықпалын сезіну жағдайында өмір сүреді, нақты іс-қимылдар жасайды. Бұл тұрғыдан келгенде, шаманизм көзқарасы – солшыл материализмге саяды. Екінші жағынан, өлгеннен кейін адамның өзі тәңір текті құпияға айналады – бұл солшыл спиритуализмдік көзқарас.
* * *
Тіл – қай халықтың болмасын басты белгісі.
* * *
Халықтың кемеліне келіп, өркендеп өсуі үшін, ең алдымен, азаттық пен білім керек.
* * *
Алғырлық пен сабырлық – түркілердің табиғи қасиеті.
* * *
Қазақтар – жақсылықтың қадірін білетін халық!

баспаға әзірлеген                                           

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі                     

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (15/04/2025)
Просмотров: 7 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: