Пәлсапа пернелері

БҰҚАР ЖЫРАУ ҚАЛҚАМАНҰЛЫ

(1668 ж., Орталық Қазақстан, Баянауыл төңірегі – 1781 ж., Баянауыл, Далба тауының етегі)

Философиялық афоризмдері:
Айтқаныңа көнбесе, айдауыңа жүрмесе: көңілінде болғаны аласы.
* * *
Абысынның арызы – ағайын сәнін келтірер,
Ағайынның аыазы – елдің сәнін келтірер.
* * *
Жар басына қонбаңыз – дауыл соқса үй кетер,
Жатқа тізгін бермеңіз – жалменен бас кетер.
* * *
Дін мұсылман болмаса, тіл мұсылман не пайда?
* * *
Әкелі бала – жаужүрек, әкесіз бала – сужүрек.
* * *
Мал араға түспесе, құр айтқаннан не пайда?
* * *
Айтқан сөзге тұрмаған – жаман емей немене, сұрағанды бермеген – сараң емей немене, кісі ақысын көп жеген – арам емей немене, сыртындағы қулығың – амал емей немене, сусағанда берген су – шекер емей немене, ынжық ерге біткен мал – бекер емей немене?!
* * *
Қарттарыңды сыйлай біл: күндердің күні болғанда кімдердің белі бүгілмес.
* * *
Ханға жауап айтпасам – ханның көңілі қайтады,
Қандыра жауап айтпасам – халқым не деп айтады.
* * *
Мінген атың арыса – қатарға ену күн болар,
Қара көзден нұр тайса – қарға адым жер мұң болар.
* * *
Тірнектеп жүріп іс қылған жарлыны жарлы демеңіз,
Жарлы байға тең келіп, жайлауға көшпес демеңіз.
* * *
Жалғызға зорлық қылмаңыз, жағасынан алмаңыз.
* * *
Өзіңе еркіндік бермесе, азат бастан не пайда.

баспаға әзірлеген                                           

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі                     

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (17/03/2025)
Просмотров: 11 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: