Пәлсапа пернелері
БҰҚАР ЖЫРАУ ҚАЛҚАМАНҰЛЫ (1668 ж., Орталық Қазақстан, Баянауыл төңірегі – 1781 ж., Баянауыл, Далба тауының етегі)
Философиялық афоризмдері:
Әсіре пысық залымның тіліне еруге жазбасын.
* * *
Ардақталған аяулың күндердің күнінде басқаға олжа болмағай.
* * *
Төрең тақтан таймасын.
* * *
Тоқсандағы қарт бабаң топқа жаяу бармағай.
* * *
Анаң аңырап қалмағай.
* * *
Құрсағы құшақ байлардан дәулет.
* * *
Қу таяқты кедейге дәулет бітпес демеңіз.
* * *
Жалғыз көпке теңеліп, кегін бір алмас демеңіз.
* * *
Қара қылды қақ жарған әділді айт.
* * *
Алла деген зар болмас, ақтың жолы тар болмас.
* * *
Пейілі кең – кемімес, пейілі тар – кеңімес.
* * *
Берік байлаған шешілмейді.
* * *
Шын жаратқан ұл болсаң – Құдай тағалам өзі берер нәсіпті.
* * *
Ұрғашының жақсысының – боз жорғадай бұлғаңы,
Ұрғашының жаманының – өсек болар ұрғаны.
* * *
Бауырыңнан қашқан күзен көрінбес.
* * *
Аспаннан биік тау болмас.
* * *
Қызда қылық болмаса, құр шырайдан не пайда.
* * *
Іштегі сыр – Аллаға мағлұм: сырттағы құлақ – амал емей немене.
* * *
Қара арғымақ арыса – қарға адым жер мұң болар.
Есіл көзден нұр тайса – бір көруге зар болар.
* * *
Қайырсыз итке мал бітсе – аңқаң құрып келгенде саумал бермес ішерге.
* * *
Ақ сұңқар құстың баласы – ұяда алтау болмас па,
Ұяда алтау болғанмен, оның ішінде біреуі – ең алғыры болмас па.
* * *
Ежелгі дұшпан – ел болмас, етектен кескен – жең болмас.
* * *
Өзіңнен тумай – ұл болмас, сатып алмай – құл болмас.
* * *
Екі жақсы дос болмас – сіріне үстіне хаты бар,
Ежелгі дұшпан ел болмас – көңілінде кір, даты бар. (жалғасы бар)
баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 13 | |
Всего комментариев: 0 | |