Пәлсапа пернелері

БҰҚАР ЖЫРАУ ҚАЛҚАМАНҰЛЫ

(1668 ж., Орталық Қазақстан, Баянауыл төңірегі – 1781 ж., Баянауыл, Далба тауының етегі)

Шығармалары:
Бұқар шығармашылығында өзі өмір сүрген заман келбеті, тарихи оқиғалар бар шындығымен дәл түсірілген.
Ол көрші елдермен, соның ішінде орыс халқымен достық қарым-қатынас жасау қажет екендігін түсінді. Ойшыл, саяаткер Бұқар қазақ халқының болашақтағы мүдделері үшін осындай саясатты ұстанады.
Бұқар көзі көрген Тәуке жан, оның ар жағындағы Қасым, Хақназар, есім хандар заманының идеяларымен өмір сүрген адам еді. Ол үш жүздің басы қосылып, бір орталыққа бағынған күшті мемлекет болуын армандады.
Бұқар өмір сүрген, ескі қақаз мемлекеті әлсіреп, ыдыраған заманда әмір жүргізуші хандардың ішіндегі ең әулеттісі Абылай еді. Абылай бір орталыққа бағынған күшті мемлекет құруға тырысты. Сондықтан да Бұқар оны өзінің армандарын жүзеге асырушы деп есептеп, іс жүзінде де, сөз жүзінде де мейлінше қолдайды.
Абылай жүргізген саясаттың жақтаушысы болған жырау реті келген жерде ханды мақтап, биікке көтеріп отырады:
Алтын тақтың үстінде
Үш жүздің басын құрадың.
Жетім менен жесірге
Ешбір жаман қылмадың.
Әділетпен жүрдіңіз,
Әдепті іске кірдіңіз.
Бұқар ұғымындағы Абылай – осындай әмірші. Жырау Абылай саясатына, ел ішіндегі Абылай беделіне тамашалай қарайды, Абылай үкіметінің салтанат құрғанына масаттанады.
Бұқар шығармаларындағы өзекті мәселелердің бірі – елдің бірлігі. «Бірлік болмай, тірлік болмас» дегендей, жырау халықты ынтымаққа, бірауыздылыққа, елді қорғауға шақырады. қазақ руларының бір-бірімен тату тұруларын, өзара қырқыс елді жақсылыққа алып келмейтіндігін насихаттайды. руаралық тартыс елді елдігінен айырады, әркімнің талауына ілігіп, ел тағдырын мүшкіл халге алып келуі мүмкін деп, елді бірлікке шақырып, елдің қорғаныс қабілетін күшейту, Абылай хандығын нығайту саясатын ұстанады.
Өлетұғын тай үшін,
Қалатұғын сай үшін
Қылмаңдар жанжал-ерегес, - 
деп, мал-жан үшін, қоныс-қыстау үшін өзара бет жыртысып, бос қырқыспауға шақырады.
Алауыздықтың, өзара қырқыстың неге әкеп соғатынын дұрыс түсінген бұқар жер бетінен жойылып кеткен Жоңғар мемлекетінің тағдырын мысалға келтіреді:
Кіші қара қалмақ бүлерде,
Бозылардың билігі
Бұлт бұрқан болысты,
Уағдадан жылысты,
Буыршындай тіздесті,
Жамандықты іздесті,
Бірін бірі күндесті.
Жаулаған ханның қара оңбас,
Хан қисайса, бәрі оңбас.
Ханын қалмақ жаулаған,
Сөйткен қалмақ оңбаған.
Сол қалмақтың жұрты еді-ау
Үш Қарқара, көтөбе,
Иттей ұлып қалмаған, - 
деп елді сақтандырады, бірлікке, ынтымаққа, ханды қолдауға, сыйлауға шақырады. (жалғасы бар)

баспаға әзірлеген                                           

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі                     

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (24/02/2025)
Просмотров: 17 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: