Пәлсапа пернелері

ҚОЖА АХМЕТ ИАССАУИ

(1103 ж., қазіргі Түркістан облысы, Сайрам – 1167 ж.)

Философиялық афоризмдері:
Қам көңілдің қайғысына дауа бол,
Жолда шаршап шалдыққанға сая бол.
* * *
Құран ұстап оңдырмас жалған ғалым.
* * *
Тасжүрекке Құдай назар салмайды.
* * *
Өзі, сөзі тазаны қолдайды Жаппар-Аллам.
* * *
Ғашық патша да, ғашық пақыр да жауласа алмас.
* * *
Кімді көрсем қызмет қылып құлы болдым.
* * *
Сөз де надандардың көңіліне жол таба алмайды.
* * *
Көзі жанып тұрамағанның ғашық болдым дегені бекер.
* * *
Нәпсіңді тыйғың келсе – қорлыққа да көнуге тура келеді.
* * *
Іші қулыққа толының, көкірегінде ары жоқтың жүрегі дірілдемейді.
* * *
Имансыздар өздерін өлмейтіндей көреді.
* * *
Имансыздың көңіл көрнегі ешқашан толмайды.
* * *
Аштан өлер болсаң да – нәмартқа міндет артпағын.
* * *
Құл Қожахмет, наданға сөз айтпағын,
Өзіңнің асыл сөзіңді арзымас пұлға сатпағын.
* * *
Алланы айтып тәуба қыл, Алланы ойла.
* * *
Жақсыдан ғибрат ала бергеннің ісі оңға басады.
* * *
Ғашықтық оты жан мен тәнді бірдей өртейді.
* * *
Құштарлықсыз Жаратқанды да тани алмайсың.
* * *
Шынайы ынтызарлық – ғашықтың бақыты.
* * *
Құштарлықсыз хақ тағаланың жүзін көре алмайсың.
* * *
Дүниеқоңыздың ішіне шайтан кіреді.
* * *
Ақ көңіліңмен Алла дегеніңді Тәңірі біледі.
* * *
Нақақ жалаға қол қойған қазы, имамдар өздері шығарған үкімдердің астында қалады.
* * *
Арам жеген әкімдер, параға құныққандар өкініш отына өртенеді.
* * *
Таңдап тәтті жегендер де, атлас-қамқа кигендер де, алтын таққа мінгендер де бір күні жермен-жексен болады.
* * *
Парықсыздар өздері жақсы-жаманның не екенін білмей жатып мәнсіз біреулерді жер-көкке сыйғызбай мақтайды.
* * *
Жарым ақыл жарлылар өзгелерді иландыру үшін әулиелердің терме-нақылдарын теріс пайдаланады.
* * *
Жамандыққа жақсылықпен жауап бер: бұл – пайғамбарымыздың өнегесі.
* * *
Махаббат дәмін татпаған, жар сүйіп, қызығын көрмеген, үйін ойлап дүние таппаған, ойсыз-қамсыз шайтандыққа бой алдырғаннан иман қашады.
* * *
Ақырзаман адамдары үйлерін өрнектеуге, күйуі тірлікті күйттеуге әуес келер. 

баспаға әзірлеген                                           

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі                   

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (23/12/2024)
Просмотров: 19 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: