Пәлсапа пернелері

ҚОЖА АХМЕТ ИАССАУИ

(1103 ж., қазіргі Түркістан облысы, Сайрам – 1167 ж.)

Ұлы ойшыл, ақын, діни қайраткер. Қазақ жерінде дүниеге келген, сопылық-мистикалық ағымның негізін қалаушы. Түркі халықтарының, осның ішінде қазақтың, байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орны бар ұлы тұлға.

 

Шығармалары:

149 хикметтен тұратын «Диуани-Хикмет» («Даналық кітабы») атты діни-философиялық еңбегі бар.

Өз аты ахмет, есімінің алдындағы «қожа» мұсылман дінін таратып, уағыздаушылық қызметіне орай берілген атау, ал соңындағы «Иассауи» ақынның қай жерден шыққандығын көрсетеді. Бірақ нақтылық үшін айтсақ, Иассы қаласы оның туған жері емес, жастайынан жетім қалып, ағайын туыстарының қолына келіп, бала кезінен өскен жері. Ақынның туған жері қазіргі Түркістан облысының Сайрам ауданы. Әкесі Ибрахим мұсылманша сауаты бар, сөз қадірін білетін адам болған. Шешесінің аты – Қарашаш.

Ата-анасынан ерте айырылған ол атақты түркі шейхы Арыстан баба және Жүсіп Хамадани деген шейхтардан тәлім-тәрбие, білім, бата алады. Білімін Бұхарадан жалғастырады. Өзінің ұстазы қайтыс болған соң көп ұзамай туған қаласына оқымысты адам, сопы ретінде қайтып оралады.

Ахметтің әкесі діндар, құдай жолын ұстаған атақты шайқылардың бірі болған секілді. Бұлай дейтін себебіміз: ақынның 149-хикметінде оның шыққан тегі туралы төмендегі сыр шертеді:

...Ысқақ баба жұрыны, шейх Ибраһим Құлыны, Машайықтар ұлығы – шейхым Ахмет Ясауи.

...Иасы оның арасы, жатыр гауһар парасы, Машайықтар сарасы – шейхым Ахмед Ясауи.

Ахмет Бұқар қаласында Юсуф хамаданидан діни білім алғаннан кейін, Түркістанға келіп, сол кезде Орталық Азияда кең тараған сопылық, діни-тақуалық идеялардың ірі насихатшысына айналады.

 

Философиялық көзқарастары:
Төрт тармақты өлеңмен жазылған бұл шығармасында ақын өзінің бала күнінен пайғамбар жасына келгенге дейін өмір жолын баяндайды, тіршілікте тартқан азабын, көрген қайғысын айтады, бұқара халыққа үстемдік жүргізуші хандардың, бектердің, қазылардың жіберген кемшіліктерін, жасаған қтянаттарын сынайды, бұл фәнидің жалғандығын білдіреді.
«Диуани Хикматтан» түркі халықтарына, соның ішінде қазаққа, ертедегі мәдениетіне, әдебиетіне, тарихына, этнографиясына, экономикасына қатысты бағалы деректер табуға болады.
Ол әрі ақыг, әрі ғалым, ислам дініне берілген адам. Софылық өз заманындағы қоғамдық-әлеуметтік теңсіздікті, дүниеқоңыз болып арын сатқан, билікке таласқан әкімдердің зорлық-зомбылығына, харам іс-әрекеттеріне наразалықтан өмірден безіп, диуаналық өмір сүрген адамдардың діни бағыты. 1083 жылдары дүниеге келген Иассауи 63 жасқа шыққанда дүниеден безіп, қалған өмірін жер астында өткізген.
Оның қалың ел арасында беделі сонша – оны халық әулие тұтқан. Сондықтан да Иассауи құрметіне арнап XIV ғасырдың аяқ кезінде бүкіл Орта азия сәулет өнерінің керемет туындысы Қожа Ахмет Иассауи ескерткіш-кесенесін салдырды. (жалғасы бар) 

баспаға әзірлеген                                           

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі                   

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (17/12/2024)
Просмотров: 15 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: