Пәлсапа пернелері
ҚОРҚЫТ АТА
Философиялық афоризмдері:
Өлгендер қайтып келмейді, шыққан жан қайтып енбейді.
* * *
Ажал жетпей – өлмек жоқ.
* * *
Алыс жолды көзбен көр, көкейге түй.
* * *
Қанша тасып-тулағанмен, су теңізді толтыра алмайды.
* * *
Қанша қалың жауғанмен,
Қар көктемде қалмайды,
Гүл жайнаған шалғын да,
Қара күзге қалмайды.
* * *
Құстың қонар жерін – су білер, малдың барар жерін ну білер.
* * *
Топырақ тау болмайды.
* * *
Айтар сөзді ойлап айт.
* * *
Ат аяғы – ақсауық, ақын тілі – қақсауық.
* * *
Ескі киімнің биті ащы, жетім баланың тілі ащы.
* * *
Көк шүйгінін киік білер.
* * *
Жайылымның жақсысын жылқы менен құлан білер.
* * *
Сүрлеу сырын түйе білер.
* * *
Іннің аузын түлкі білер.
* * *
Керуеннің түнгі жүрісін торғай білер.
* * *
Ердің батқанын ат білер.
* * *
Ауыр жүктің михнатын тұғыр емес, тұлпар білер.
* * *
Саз орайын бөкен білер.
* * *
Қапелімде бас ауырғанын ми білер.
* * *
Ер жомартын, кісі ақылын жырау білер.
* * *
Бас аман болса – бөрік табылады.
* * *
Ауырған жерін ауру біледі.
* * *
Қанша байлық жисаң да, бұйырғанынан артық жей алмайсың.
* * *
Шіріген мақтадан – мата шықпайды, ежелгі дұшпаннан – дос шықпайды.
* * *
Көп қорқытады, терең батырады.
* * *
Қыз анадан үйренбей өнеге алмас,
Ұл атадан үйренбей сапар шекпес.
* * *
Ұл ақылды хош көрмес – ата үлгісін көрмесе,
Қыз жарылқап ас бермес – ана үлгісін көрмесе.
* * *
Ұл – атаның сыры, екі көзінің нұры.
* * *
Түбі жат бала туғандай болмас: ішер, жер, киер де кетер, бірақ «көрдім» демес.
* * *
Дүние-мал шашылмай, «мырза» деген атақ жоқ.
* * *
Жалған сөздің – болғанынан болмағаны игі.
* * *
Жалғыз жігіт қол болмас.
* * *
Ат арытпай жол болмас.
* * *
Ер жомартын, кісі ақылын жырау білер.
* * *
Ұлдың күні күн емес – атадан мал қалмаса,
Ата малы пұл емес – баста ақыл болмаса.
* * *
Дәулетті ұл – ошақтың қоры,
Дәулетсіз ұл – атаның қоры.
* * *
Сауыттың қасиеті – қылышпен ұрғанда, аттың қасиеті – жаудан алып шыққанда көрінер.
* * *
Тебегеннің таңын – сүзеген айырады.
* * *
Ат жемейтін ащы шөптің – шыққанынан шықпағаны игі,
Адам ішпес ащы судың – аққанынан ақпағаны игі.
баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 16 | |
Всего комментариев: 0 | |