Пәлсапа пернелері
ҚОРҚЫТ АТА
Ұлы ойшыл, жыршы, ақын, күйші, бақсылардың қамқоршысы, қобыз атасы. Оғыз тайпасынан шыққан, қыпшақтың жиені.
Түркі дәуірін, салтын, әдетін, сенімдерін қоғамдық мінездемесін ертегілерінде айтқан, оны бүгінге дейін әдемілеп жеткізген ұлы өнерпаз.
Қорқыт ата ертегілері мен дастандары – түркі мифологиясының қайнар көзі. Сонымен бірге ол туралы көптеген аңыздар сақталған. Ел аузындағы аңыздарда қорқыт ата мәңгі өлмейтін өмір іздеуші, мәңгілік өмір үшін қайтпас күрескер сипатында айтылады. Бірақ ол өмірінің соңында өлмейтін нәрсе жоқ екен деген пікірге келеді. Енді Қорқыт ата мәңгілік өмірді қобыз сарынына іздейді екен. Ұлы күйшіге өзі іздеген мәңгілік өмір оның өнерінде сияқты көрінеді. Ол күйлерін толассыз тартып, дүниеден өтеді.
Шығармалары:
Өзі өлгенмен артында күйлері, ұлағатты сөздері қалды. Ал әдебиет тарихында деректі түрде Қорқыт ата кітабы бар. Қорқыт ата кітабы осы күнге дейін Германияда (Дрезден қаласында) он екі жырдан тұратын қолжазба күйінде және Италияда (Ватикан кітапханасында) алты жырдан тұратын қолжазба күйінде сақталып келеді. Қорқыт ата кітабын VIII ғасырларда және одан да бұрын туған аңыздардың жинағы деуге болады. Оларды жыр түрінде жазған – Қорқыт ата. Онда философиялық дүниетанымның негізінде өлім мен өмір туралы далалық мәдениет құндылықтарын паш ететін өміршеңдік идеялар жатыр, сондай-ақ онда қазақтың құрылуына тікелей қатысы бар, тарихта белгілі оғыз тайпалараның тағдырына байланысты оқиғалар да баяндалады. Жалпы, «Қайда барсаң да – Қорқыттың көрі» афоризмінің астырнда – пессимистік дәрменсіздік емес, қайта реалистік көзқарасқа негізделген өміршең оптимизм бар.
Қорыта айтқанда, Қорқыт ата кітабы – әртүрлі жырлардың жинағы болса да, ерлік жасау мен ізгілік көрсетуді біртұтас өріп отырады. Қорқыт ата кітабында тәрбиелік құнары мол қанатты сөздер көптеп ұшырасады.
«Қорқыт ата кітабы» әдеби ескерткішінен (ІХ-Х ғ.ғ.) қорқыт атаның Оғыз мемлекетінде билік құрған оғыз тайпасынан шыққандығын білуге болады. Оны Ш.Уәлиханов қазақтың алғашқы шаманы, алғашқы ақыны деп атайды. Қорқыт жайындағы аңыз әңгімелер Ә.Науаи арқылы белгілі болып, түркі халықтары, әсіресе қазақтар арасында кең тарады. Аңыздарда Қорқыт қобыз жасаған. Ол қобыздың музыкалық дыбысталуынан үшкіру, ауа, сиқыр өткізген.
Философиялық көзқарастары:
Қорқыт қайда барса да, өзінің желмаясына мініп, ел кезіп жүреді. Қайда барса да, алдынан екі адам кездесіп, көр қазып жатады. Қорқыт оларға: «Бұл кімнің көрі?» - деп сауал қойса, олар: «Қорқыттың көрі», - деп жауап қатады. Ақыры, ол суда ажал жоқ деп Сырдарияға кілем төсеп, қалған ғұмырын су үстінде өткізбек болады. Бірде Қорқыт қалғып кеткенде, оны жылан шағып өлтіріпті дейді. «Қайда барса да Қорқыттың көрі» дегенде, Қорқыттың өз басының ғана емес, сол өз заманындағы аталық қоғам арасындағы қайшылықтар, әділетсіздіктер Қорқытты осындай пессимизмге алып келді деп түсінуіміз керек. Яғни, адам өмірін мәңгілік жасау аңсары өзекті идея іспетті. Бұл өте бір философиялық астарлары бар ұғым. Адам өлген соң қайта өмір сүреді деп ойлаған болса, бақсылар Қорқытты дүниеге өлмей, тірі кетті деген. «Өлі десем – өлі емес, тірі десем – тірі емес» деген сөз осыдан қалған.
Сонда ата-баба күшіне сыйынған Қорқыт «пендеге өлім парыз» дейтін ислам идеясымен келіспегендігін көрсетеді. Қорқыттың өлімге қарсы күресуі, одан құтылудың жолдарын іздеп.
«Көкке ұшқан құс жылайды,
Көп жасаған қарт жылайды,
Аспандағы ай жылайды,
Алты жасар бала жылайды», -
деп айтуынан біз өлімге дауа іздеген Қорқыт философиясын танимыз.
Қорқыттың пайымдауынша, адамдар адамилық қасиеттерін сақтап қалу керек. Адам үшін ең қауіптісі – адамилықты жоғалту. Со лаңыздарда Қорқыт жер-жаһанды кезіп, «басқа елден әркімге өз елінде жақсы» деген ой түйіндегенін байқауға болады. Оның айнымас досы сиқырлы Желмаясы болды. (жалғасы бар)
баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 1 | |
Всего комментариев: 0 | |