Пәлсапа пернелері

ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫ

Фетишизм, тотемизм, анимизм элементтері, адамдардың құдайлық күштермен «қарым-қатынасындағы» аралық міндеттер қоғамдағы ерекше топтың – шамандардың қолында болды.
Ертедегі қазақи түркілер арасында әртүрлі діндер таралған, олардың ішінде ең әйгілілері – отқа табыну, жануарларға табыну, өсімдіктерге табыну. Егіншіліктің пірі – Диқан баба, желдің пірі – Жалаңаш-Ата, жылқыға – Қамбар-ата немесе жылқышы-ата, қойға – Шопан-ата, түйеге – Ойсылқара, сиырға – Зеңгі-баба, ешкіге Сексек-ата қамқоршы деп саналған. Қыдыр-ата алуан түрлі игілік, молшылық, байлық, бақыт әкелуші. Жоғарғы құдай – Тәңірі-Көк идеясы көптеген түркі халықтарының, соның ішінде қазақтардың ата-бабаларының да дүниеге көзқарасында пайда болған. Бұл көзқарастың негізі Көкке (Тәңірі) және Жер-Суға сиыну болды. Құдірет деп есептелген бұл қос күштің негізгісі – Көк болды. Өзінің мәні жөнінен бұдан кейін тұрған әйел тәңірісі – Ұмай отбасы мен бала-шағаны қорғаушы болған. Тоныкөк ескерткішінде: «Көк, Ұмай, қасиетті Жер-Су, міне, бізге жеңіс сыйлаған осылар деп ойлау керек!» - деп жазылған. Тағы бір жерінде: «Жоғарыда зеңгір көк, төменде қара жер жаралғанда, олардың екеуінің арасында адам баласы пайда болған. Адам баласына менің ата-бабаларым үстемдік құрған!».
Міне, бұлар ислам дініне кіруден бұрынғы ұғымдар еді. Ислам дініне кірген соң, ұғымдардың көбі ислам философиясына бағынып кетті, оның сарқыншақтары аңыз-ертегілерде там-тұмдап сақталып келеді. VIII ғасырда (бір деректерде 714 ж., басқа деректе 776-780 ж.ж.) қазақтар ислам дінін қабылдады. Ислам Қазақ елінде христиан дінін де, будда дінін де, зороастра дінін де, жергілікті діндерді де біртіндеп ығыстырып шығарды. Сөйтіп, қазақтар плитеизмнен монотеизмге өтті.
Сонымен бірге, қазақ пен оның тілі (қыпшақ тілі) қалыптасуының этникалық-генетикалық және этникалық-лингвистикалық процесінің қалыптасуының да маңызы зор болды. Қазақ эпикалық жырлары – «Алпамыс», «Қобыланды», «Ер-Сайын», «Ер-Тарғын», «Қамбар-батыр» және т.б. философиялық ой кешулер шыңдала бастады. Бізге дейін жеткен авторы мәлім поэзияның ең ертедегі үлгісінің мерзімі XIII-XV ғасырлар деп белгіленеді. Бұлар – деректемелерде Ұлы жыршы деп аталатын Кетбұға (ХІІІ ғ.), Қотан (XIV ғ.) ақындар мен жырау жырларының үзінділері.
Қоғамның дамуына, экономикалық өркендеуіне, ой еңбегі мен дене еңбегінің бөлінуіне байланысты, қазақтың арасынан з философиялық ой-пікір қайраткерлері шықты. Бұлар негізінен қазақтың кемеңгер ойшыл, ақын-жыраулары еді. Қазақ философиясында, философиялық ой-пікір саласында жарыққа шыққан кемеңгер ойшыл қайраткерлері философия ғылымының маңызды деген мәселелері жөнінде өз көзқарастарын ортаға салды. Олар философияның өрістеуіне өздерінің елеулі үлестерін қосты.
Жалпы, қазақ арасынан шыққан философиялық тұлғалар аз болмаған, олар әлі де зерттелу үстінде.  

баспаға әзірлеген                                           

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі                   

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (11/11/2024)
Просмотров: 6 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: