Пәлсапа пернелері
НИКОЛАЙ АЛЕКСАНДРОВИЧ БЕРДЯЕВ (6(18) наурыз 1874 ж., Киев – 23 наурыз 1948 ж., Париж маңындағы Кламар)
ХХ ғасырдағы орыстан шыққан діни ағымдағы философ, оны «орыстың Гегелі» деп те атайды (экзистенциализм өкілі).
Кезінде күрделі рухани эволюцияны басынан кешкен (марксизмнен бастап персонализмге дейін). 1922 жылы Кеңестік Ресейден қуылды, алдымен Берлинде (Германияда), одан кейін 1925 жылдан Парижде (Францияда) өмір сүрді. Оның философиясының мәні – болмыс мәнін суьъект, яғни адам арқылы тану. Бердяевтің ойынша, қоғамды әлеуметтік қайта құру үшін техникалық қайта құру емес, рухани жаңғырту қажет.
Философиялық шығармалары:
«Өзіндіктаным» (Париж, 1949), «Жаңа діни таным және қоғамдастық» (Санкт-Петербург, 1907), «Зиялылықтың рухани дағдарысы» (Санкт-Петербург, 1910), «Шығармашылық мағынасы» (Москва, 1916), «Еркін рух философиясы» (Санкт-Петербург, 1911), «Адам тағылымы туралы» (Париж, 1931), «Достоевскийдің дүниетанымы( (Прага, 1923), «Ресей тағдыры», «Теңсіздік философиясы», «Тарих мағынасы», «Орыс коммунизмінің шығу тегі мен мәні» (Париж, 1955), «Мен және объектілер әлемі» (Париж, 1934) және т.б.
«Еркіндік философиясында» Н.А.Бердяев христиандық онтологияның негізін қалап, сол кездегі батысеуропалық философияны болмысты жоғалтқаны үшін сынайды. Оның ойынша, ақиқат танымға тек ақиқат болмыста ғана қол жеткізуге болады. Сондықтан ең алдымен болмыстың өзін түзету қажет. Философиялық күйзелістен шығу үшін ол философияны дінге жақындату керек дейді, өйткені, оның ойынша, «дін философияның өмірлік негізі» болып табылады.
«Шығармашылық философиясының» басты идеясы шығармашылықты еркіндікпен байланыстыру, шығармашылықты еркіндіктен туындыру, өйткені Н.А.Бердяев үшін еркіндік болмыстың «негізсіз негізі» болып табылады. Сондықтан философияның басты міндеті де, мақсаты да еркіндікті тану және еркінтен тану болып табылады.
Осы мағынасында ол философияны ғылымға қарсы қойып, ғылымды қажеттілікке қарастырады. Нақты мағынасындағы шығармашылық тек еркіндік арқылы жол табады.
Философиялық көзқарастары:
Бердяев философиясының мәні – болмыс мәнін субъект, яғни адам арқылы тану. Оның философиясыың бастапқы нүктесі еркіндіктің болмыстан басымдылығы болып табылады. Онымен бір қатарда шығармашылық, тұлға, рух, Құдай ұғымдары тұрады. Адамдағы болмыс адам арқылы ашылады. Ол Құдай бейнесіне ұқсас жаратылған микрокосмос болғандықтан шексіз және шығармашыл жан болып табылады. Адамдағы шексіздік Құдайға тән құдіректтілікпен, ал шолақтық-табиғи қырымен байланысты. Бұл жағдайда Құдайдың өзі табиғи күш емес, әлемнің мәні мен ақиқаты ретінде түсіндіріледі. Сондықтан, Бердяевтің пікірінше, Құдайсыз адам жеткілікті толысқан жан деп есептелмейді. Құдай боқ болса, онда мән де, жоғары ақиқат та, мақсат та жоқ. Онда бұл үмітсіздік пен бейшаралық. Осылайша, Бердяев Құдайды айналдыратын гуманизмге қарсы шығады.
Бердяевтің ойынша, қоғамды әлеуметтік қайта құру үшін техникалық қайта құру емес, рухани жаңғыру қажет. Ресей үшін бұл «орыс идеясын» бекітумен байланысты, оның бұл көзқарасы Соловьев көзқарастарымен сәйкес келеді. (жалғасы бар)
баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 12 | |
Всего комментариев: 0 | |