Пәлсапа пернелері

ПАВЕЛ АЛЕКСАНДРОВИЧ ФЛОРЕНСКИЙ

(22 қаңтар 1882 ж., Евлах, Елизаветпольск губерниясы, Ресей империясы – 8 желтоқсан 1937 ж., Левашовода жерленген, Санкт-Петербор жанында)

Орыстың православиялық священнигі, құдайсөзінің білгірі (богослов), ақын, діни философ, энциклопедист-ғалым, «орыстың Леонардо да Винчиі».
Біртұтастық білім, болмыстың бірлігі мен гармониясын, бүткілбірлік метафизикасын зерделеп софиологияны оның бір тармағы ретінде қарастырады.

 
Философиялық шығармалары:
«Сенім қазығы және ақиқат тұжырымы», «Идеализм мағынасы», «Есімдер», «Иконостас», «Православиялық теодиция тәжірибесі» және т.б.

 
Философиялық көзқарастары:
Болмыстың бүтіндігін, тұтастығын, үйлесімділігін негіздеуге тырыса отырып, ол жалпы тұтастықтың метафизикасын (Соловьевтің ізінше) дайындайды. Флоренскийдің ойы «барлық жаратылыс тұтастығы құдайда» деген тұжырымға сүйене отырып, ғарыштан оның негізі абсолютке қарай «өрлейді». Бұл тұтастықты түсіндіру үшін ол софиологияға бет бұрды. София – «Құдай жаратқандардың идеалды анықтамаларының тұтастығы», «Киелі түпбейнелердің бейбіт жиыны» - ғарыш болмысы үйлесімділігінің түбірі болып табылады. София тұғыры мәселесі ортодоксалды православиелік дінтанушылар тарапынан сынға ұшырады, өйткені Үштіктегі төртінші тұғыр туралы мәселе туындайтын еді. Флоренский көзқарасынан тағы бір күмән туындайды: егер София жаратылыс «түбірі» болса, зұлымдық пен қасірет қайдан шығады?
Флоренский символизм идеяларына көп көңіл аудара отырып, бұл мәселеге лингвистика, өнертану, икона метафизика салаларындағы зерттеулерін арнайды.
Православиелік дінтанушылар Булгаков пен Флоренский діни антиинтеллектуализм методолгиясын негіздеуде антинонизм принципіне арқа сүйейді. Құдайдың үш бейнелі тұтастығы, Флоренскийдің пікірінше, бұл – қайшылық. Антинонизм Булгаковтың пікірінше, адамзат ақыл-күйінің жеткіліксіздігі. Құдай табиғатын, киелі құпияның өмір сүруін танып, білудің мүмкін еместігі – бүкіл христиандық иррационализмнің басты принциптерінің бірі. 

баспаға әзірлеген                                           

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі                   

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (15/10/2024)
Просмотров: 12 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: