Пәлсапа пернелері
ЛЕВ НИКОЛАЕВИЧ ТОЛСТОЙ (28 тамыз/9 қыркүйек, 1828 жыл, Ресей империясы, Ясная Поляна – 7 қараша/20 қараша, 1910 жыл, Ресей империясы, Тамбов губерниясы, Астапово
Философиялық көзқарастары:
Л.Н.Толстойдың қайшылықты өмір жолы, оның патриотизмі және халықтар достығы үшін күресі, оның философияының объективтік-идеалистік мәні, тарихи прогрестің қозғаушы күші туралы мәселесі және Отан тақырыбындағы халықтың алатын орны, «Жексенбі» және публицистикалық шығармаларында ресми діннің догмалары жоарлғыларын өткір сынауы, ғылыми социализмге жаулық қатынасы және «Өнер деген не?» трактаты және эстетикалық көзқарастары әлемдік философия ғылымында айшықты орны бар жаңалық болып қала береді.
Қалай десек те, Л.Толстойдың өмірдің мәні туралы философиялық ойлары саналы адамды ойландырмай қоймайды, себебі ол адамды қазіргі қоғамда жетіспей жатқан мәңгілік құндылықтар Мейірімділік, Махаббат, Руханилыққа, бір сөзбен айтсақ, Адамгершілікке шақырады.
Философиялық афоризмдері:
Ашумен басталған іс абыройсыз аяқталады.
* * *
Басқа адамның әрқашан да жаман жағын емес, жақсы жағын ізде.
* * *
Ақылыңа азықты көп беруге тырыс.
* * *
Өзіңнің борышыңды орындауға тырыс, сонда сен өзіңнің неге тұратыныңды дереу біліп аласың.
* * *
Өмірде шүбәсіз бір-ақ бақыт бар, ол өзгелер үшін өміріңді арнау.
* * *
Бақыт... өзіңнің рухани және дене күшіңнің қоғамдық өмірге жұмсалғандығын толық сезіне білу.
* * *
Адам бақытты болуға тиісті, ал бағы жанбаса, оған сол адамның өзі ғана кінәлі.
* * *
Еңбек етпесең не қорлықта қаласың, не ұрлыққа барасың.
* * *
Дене еңбегі ой еңбегінің қасиетін арттыра түскенімен қоймай, оны мадаққа бөлейді.
* * *
Бір күнімді ғана жұмыссыз өткізсем, мен өзімді өзім өлтірер едім.
* * *
Бірдеңе істейді екенсің, оны жақсы істе. Егер қолыңнан келмесе, немесе жақсы істегің келмесе, онда істемей-ақ қой.
* * *
Адам игілігі – өмірде, өмір – еңбекте.
* * *
Өзіңнің де, өзгенің де сөзіне сенбе, ісіне сен.
* * *
Тіл – миллиондаған ұрпақ жасаған жанды зат.
* * *
Тіл – ұлтың жаны. Тіл – идеяның, сезімнің, ойдың жанды көрінісі.
* * *
Халық сөзі қандай әсем! Соншама көркем, жан тебірентерлік, зор мағыналы.
* * *
Ұят – адам өміріндегі сенімді жол басшы.
* * *
Жұрттан ұялған жақсы, ал өзіңнен ұялу бәрінен де жақсы.
* * *
Қарапайымдылық – моральдық сұлулықтың басты шарты.
* * *
Қарапайымдылық жақсылық пен ақиқат жоқ жерде ұлылық та жоқ.
* * *
Арман – жарық жұлдыз, онсыз айқын бағдар жоқ, бағдар болмаған соң, алға басу да жоқ, тірлік те жоқ.
* * *
Барлық өмірің үшін мақсатың болсын, шағын мақсатты жоғары мақсатқа құрбан ете отырып, өміріңнің кезеңі, белгілі мақсаты үшін, жыл үшін, ай үшін, апта үшін, күн үшін, сағат, минут үшін мақсатың болсын.
* * *
Зат неғұрлым салмақсыз бос болса, соғұрлым орынды көп алады... Мақтаншақ та сондай.
* * *
Адам өзіне-өзі неғұрлым көп мәз болса, оның бойында мәз боларлық нәрсе соғұрлым аз болады.
* * *
Күн сайын әлемнің ең дана адамдарымен тілдесуден қымбат не болуы мүмкін.
* * *
Құнды сөз құнарлы ойдан туады.
* * *
Сөз көмескілігі – ой-пікір көмескілігінің айнымас белгісі.
* * *
Өз өмірін қиюдан тартынбайтын аяулысы болмаса, адамның күні қараң.
* * *
Ұялу – жақсы сезім, ең жақсысы – өзіңнен өзің ұялу.
баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 14 | |
Всего комментариев: 0 | |