Пәлсапа пернелері
АЛЕКСАНДР НИКОЛАЕВИЧ РАДИЩЕВ (20 (31) тамыз 1749 ж., Мәскеу – 12 (24) қыркүйек 1802 ж., Санкт-Петербор)
Орыс философы, ақын-жазушы. Метафизикалық материализмнің өкілі.
А.Н.Радищев өзі дворяндар әулетінен шықса да, шаруалардың басыбайлы құқығына қарсы алғаш батыл пікір айтқан адам. Ол Ресейде патшаның жеке билеуін революция арқылы қиратып, саяси-әлеуметтік реформа жасауға шақырды.
А.Н.Радищев алғашқы дворяндардан шыққан революционер еді. Сібірден қайтып оралған соң император І александрдың тапсыруымен ол 1801-1802 жылдары оның жобасын жасауға қатыстырылды. Бірақ сол кезде де өзінің бұрынғы идеяларын өткізбек болып тырысып, ақыр-соңында Сібірге қайтадан жер аударылу қаупі төнгендіктен, у ішіп өлді.
Шығармалары:
«Петербордан Мәскеуге саяхат», «Адам, оның өлімі мен өлместігі хақында» ататы трактатын және тағы басқа да танымал еңбектер жазып қалдырды.
Өзінің басты еңбегінде Ресейде шаруаларды басыбайлықтан құтқарудың бағдарламасы жасалды. Бірақ сол кітабы үшін патша үкіметінің шешімімен А.Н.Радищев Сібірге мәңгілікке жер аударылған болатын.
Философиялық және саяси көзқарастары:
Оның табиғатқа деген материалистік көзқарасы, адам туралы ілімі, өлім мен мәңгілік мәселесі, таным теориясындағы материалистік сенсуализмнің негізделуі, парасаттық пен сезімдіктің арақатынасы және А.Н.Радищевтің тұлға мен адамзат қоғамы түсіндірмесі бүгінгі философия ғылымында өз орны бар.
Философиялық афоризмдері:
Дене қимылындағы жаттығулар дене қуатын қалай нығайтса, ойлап жаттығу да ақыл қуатын солай нығайтады.
* * *
Күлкі мазақтан да, зорлықтан да, аурудан да, түрмеде шіруден де, тіпті өлімнен де қорықпаңдар. Асқан долы асау, бірақ қуаңы аз толқындар арасында үйірілген тас сияқты бой бермей, санаңды берік ұста.
* * *
Адам өз танымында биікке көтерілген сайын оған алыс жатқан көкжиектер көрінеді.
баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 29 | |
Всего комментариев: 0 | |