Пәлсапа пернелері

МИХАИЛ ВАСИЛЬЕВИЧ ЛОМОНОСОВ

(8 (19) қараша 1711 ж., Мишанинская деревнясы, Ресей – 4 (15) сәуір 1765 ж., Санкт-Петербор, Ресей империясы)

Әлемдік деңгейдегі алғаш орыстан шыққан ғалым, энциклопедист, географ, астроном, металлург, геолог, ақын, суретші, тарихшы, қазіргі заманғы орыс тілінің негізін қалады, химик, физик әрі философ-материалист.

 
Шығармалары:
«Корпускулярлық философиясы» және т.б.

 
Философиялық көзқарастары:
М.В.Ломоносов Ресей патшасының төңірегін жайлап, Ғылым академиясын билеп алған немістерден аластатып, тазартып, ресей ғылымын дамытуда, физика, химия, лингвистика, басқа да ғылымдардың дараланып, ілгері басуына, дүниежүзілік деңгейге жақындауына үлесін қосты.
Әсіресе, оның 1748 жылғы Л.Эйлерге жазған хатында зат пен қозғалыстың сақталу заңын табиғаттың еш уақытта жойылмайтын, жалпы заңдылығы (оның XVII-XVIII ғасырлардағы философиялық ой мен жаратылыстану жетістіктерін қорытындылауы, әдіс мәселесін жете зерттеуі, дін ілімімен ғылымның тәуелсіздігі үшін күресі, табиғат пен табиғат заңдарының материалистік түсіндірмесі, материя қозғалысы мен заттардың сақталу заңының ғылыми-эксперименталдық және философиялық дәлелдемесі, материя қозғалысының мәңгілігі және алғашқы қозғау салудың терістелу мәселелері және М.В.Ломоносовтың таным теориясы мен «екінші сапалылықтың» субъективті-идеалистік түсіндірмесі мен деизм материалистик көзқарастардың көрініс табу түрі есебіндегі еңбектері деп қарады. Бұл материяның ешқашан жойылмайтындығы туралы пікір болатын. Осыдан келіп, әрбір зат материядан тұрады деген ұғым туындайды.

 
Философиялық афоризмдері:
Толассыз еңбек тосқауылды бұзып өтеді.
* * *
Орыс тілі осы тілде сөйлейтін жердің кеңдігінен ғана емес, өзінің табиғи бай да байсалдылық қасиеттерімен Еуропадағы тілдердің қайсысынан да асып түспесе, кем түспейді.
* * *
Егер белгілі бір ойды өз ана тілімізде дәл бере алмасаң, мұны тіліміздің оралымсыздығынан көрмей, өзіміздің дәрменсіздігімізден көруіміз қажет.
* * *
Жағымпаздың тілінен бал, демінен зәр тамады.
* * *
Ғылым – жастар азығы.
* * *
Ғылым халыққа пайдасын тигізсе ғана пайдалы.

баспаға әзірлеген                                           

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі                   

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (18/06/2024)
Просмотров: 34 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: