Пәлсапа пернелері
ВЛАДИМИР ИЛЬИЧ УЛЬЯНОВ (22 сәуір 1870 ж. – 21 қаңтар 1924 ж.)
Көрнекті ресейлік төңкерісшілі, шешен-оратор, философ, марксист, ленинизмнің негізін қалаушы, большевиктер партиясы көкейтесті құрылтайшылардың бірі, РСФСР мен КСРО орнатушысы, Кеңес Үкіметін басқарушысы (1917 ж. қарашаның 8 (е.м. қазанның 26) бастап РСФСР Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы, 1922 жылы желтоқсанның 30 бастап КСРО Халық комиссарлары Кеңесінің төрағасы).
Қоғамдық-саяси көзқарастары:
Ол капитализмге өту диалектикасын аша келіп, Ресейдің нақты жағдайларына сәйкес пролетариаттың тап күресінің бес түрін атап көрсетті: буржуазиялық қарсылығын басу, азамат соғысы, ұсақ буржуазияны бейтараптандыру, буржуазиялық мамандарын пайдалану және жаңа адамдар тәрбиелеу.
Социализм таптарды жояды дей келіп, Ленин тап жөніндегі өзінің тұжырымдамасын жасады. Барлық таптық, антагонистік қоғамдарда Маркс пен Ленин ілімі бойынша қандай бір іс болса да ол мәселе таптық көзқарас тұрғысынан, езілген таптар мүддесі тұрғысынан шешілуге тиіс болды.
Ол принцип Кеңес Одағы тарихында кең орын алды. Еңбекте, саясатта, тұрмыста, мәдениетте – бәрінде де кімнің мүддесін қорғайтынына: еңбекшілер мүддесі үшін болса, оған бір баға, ал үстем тап мүддесін қорғайтын болса, өзгеше қорытынды жасалды. Кезінде бұл принцип дұрыс болғанымен, кейін өз кемшіліктері де орын алды. Көп жағдайда мәселелер күрт, метафизикалық әдіспен шешілді.
Қорытып айтқанда, В.И.Лениннің философияға қосқан үлесі: империализмге берген анықтамасы, лениндік социалистік революция теориясы – таптарға берген анықтама, пролетариат диктатурасына берілген анықтама – саясат пен экономика диалектикасы, т.б. Осы мәселелердің қайсысында болса да, Ленин марксизмді дамытты. Бұл теория тұрғысынан алып қарағанда, мақсат оны – догматизм мен схоластикадан тазартып сақтап, марксизмді шынайы шығармашылықпен дамыту, өмірде, практикада шеберлікпен қолдану.
Жалпы, «Марксизм-ленинизм бұл – ғылым емес, тек – идеоллогия» (Т.Ойзерман) деген пікір де бар.
баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 33 | |
Всего комментариев: 0 | |