Пәлсапа пернелері

КАРЛ ГЕНРИХ МАРКС

(5 мамыр 1818 ж., Трир, Пруссия – 14 наурыз 1883 ж., Лондон, Ұлыбритания)

Неміс философы, социолог, экономист, саяси журналист, қоғам қайраткері.
Ол Бонн, кейін Берлин университеттерінің заң факультетінде білім алды. Бұл жерде ол, негізінен, философия мен тарихты зерттеді. Әуелгіде ол Гегель философиясының ықпалында болды. 1841 жылы сол тұрғыда Демокриттің натурфилософиясы және Эпикурдың натурфилософиясы арасындағы айырмашалықтар» деген тақырыпта докторлық диссертациясын жазып, қорғады. 1841 жылдан бастап ол үлкен ықпалы болған Л.Фейербахтың философиясымен таныса бастайды. Ол Фейербахтың материализм мен атеизмін қабылдаған. Бірақ Фейербахтың соңынан жай ғана ермей, 1844 жылдың аяғына қарай өзінің философиялық дүниетанымын қалыптастырды. Ол 1845 жылдан бастап, оны 1883 жылы қайтыс болғанға дейін дамытумен айналысты.
Ол философияда диалектикалық және тарихи материализмді, экономикада – табыс құны теориясын, саясатта – таптық күрес теориясын қалыптастырды. Бұл бағыттар кейін коммунистік және социалистік қозғалыстардың негізіне айналып, «марксизм» деген атауға ие болды. Көптеген философия тарихшылары К.Маркстің де гегельдік философияның жалғастырушысы деп есептейді. Гегель ойлап тапқан диалектикалық үдеріс ретіндегі әлем туралы көзқарасын сақтай отырып, Маркс онымен салыстырғанда идеяларды емес, материалдық өмір дамуын мойындайды. Егер Гегель тарихта мәдени-тарихи факторға баса назар аударса, ал Маркс материалдық-экономикалық фактор маңызының басымдылығын мойындайды.

 
Шығармалары:
«1844 жылғы экономикалық-философиялық жазбалар», «Философияның кедейлігі» (1847 ж.), үштомдық «Капитал» (бірінші басылымы 1867 ж., екінші толықтырылған басылымы 1872 ж.) және Ф.Энгельспен бірлесіп «Коммунистік партияның манифесі» (1848 ж.), «Неміс идеологиясы» (1845-1846 ж.ж.), «Киелі әулет» (1845) және т.б. жазды.

 
Қоғамдық-саяси көзқарастары:
Маркстің философиясының дамуына қосқан үлесі тек рухани фактордан экономиканың басымдылығын, қосымша құн құпиясын, тауар-ақша қатынастары жүйесіндегі адамды қанау мен эксплуатациялау механизмін ашуында ғана емес, бөлектенудің экономикалық формаларын да айқындауында еді. Л.Фейербахтың діни бөлектену туралы идеясымен келісіп және оны қабылдай отырып, К.Маркс оны капитализмдегі жалпы бөлектенудің бір қыры деп санады. К.Маркстің пікірінше, капитализм жағдайындағы бөлектенудің ең жалпылама формасы экономикалық бөлектену болып табылады. Бөлектенудің бұл формасын тек революциялар мен онан кейінгі әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар арқылы ғана алып тастауға болады. Нәтижесінде, заттану мен бөлектену алынып тасталғаннан соң әрбір адам өзін еркін, саналы және шығармашылық қалыпқа айналдырады. Адам өзін-өзі өмірқамының субъекті ретінде саналы түрде сезініп, белсенділігі артады, өзін толық көрсетуге қабілеті ұлғаяды. Жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайларда социум және адам «рационалді басқарылатын адамға» айналады. Маркстік философияның тағы бір жаңалығы еңбекті эпистемиологиялық ұғым ретінде негіздеуінде. Еңбектің арқасында және соның нәтижесінде адамдар ойлауға, тануға қабілетті болады, ал таным үдерісінің өзі белсенді шығармашылыққа айналады.

 
Философиялық афоризмдер:
Жеке қобызшы өзін-өзі басқарады, ал оркестр дирижерлік еткенді қажетсінеді.
* * *
Егер адамның мінезін жағдайлар жасайтын болса, демек онда жағдайларды адамгершілік түрге келтіру керек.
* * *
Ең алынуы қиын қамал – адамдардың бас сүйегі.
* * *
Адамды білгің келсе, оған билік бер (мақал).

баспаға әзірлеген                                           

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі                   

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (27/05/2024)
Просмотров: 36 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: