Пәлсапа пернелері

ГЕОРГ ВИЛЬГЕЛЬМ ФРИДРИХ ГЕГЕЛЬ

(27 тамыз 1770 ж., Штутгарт – 14 қараша 1831 ж., Берлин)

Философиялық көзқарастары:
Гегельдің пікірінше, сезімдік тәжірибе арқылы кездейсоқ, бір-бірімен байланыссыз нақты құбылыстарды ғана танып-біле аламыз. Ал заттарға тән жалпылықты, мәнді біз тек ақыл-ой күші арқылы ғана білеміз. Онда да, адамдардың емес, олардан тыс, объективті рухтың, басқаша айтқанда, жалпы рухани тәжірибенің арқасында ғана біле аламыз. Себебі жеке адамның өсіп-дамуы – жалпы адамзат тарихының рухани дамуы белгілі заңдылықтарға (таза ақыл-ойдың логикасына) сәйкес өрбіп оытратындықтан, оны жеке адамдар танып-біле алмайды. Адамзат тарихы, оның заңдылықтары дегеніміз – қоғамның ілгері қарай дамуы негізінде жеке тұлғалардың ең жоғары принципі – бостандық идеясына үздіксіз ұмтылуы. Олай болса, дүниежүзілік тарихтың даму бағытын айқындап, оны жетелейтін ұлы тұлғалар емес, бостандық идеясы. Гегельдің бұл концепциясы бойынша, бостандық идеясы. Гегельдің бұл концепциясы бойынша, бостандық сәулесі бозарып келе жатқанда тарих басталады. Ол алғаш рет Шығыста көрінді, бірақ бұл әлі де болса бостандық сәулесі емес еді, ол тек оның бастамасы, оны сезіну ғана. Себебі азиаттық деспотияда бір адамның (деспоттың) ғана бостандығы болатын, ал қалған адамдардың ерік-жігерлері, бостандықтары сол деспоттың ерік-жігеріне, бостандығына бағынышты еді. Бұл – бостандық идеясының бірінші сатысы.
Бостандықтың екінші сатысында әлемдік рух Шығыстан Эллада жағына қарай ауысады. Ежелгі Грекияда бостандықты құндылық ретінде саналы түрде түсініп, соған ұмтылу және бостандыққа, реікті адамға табыну ерекше орын алады. Бірақ бұл кезде тек құл иеленушілер ғана бостандыққа ие болды да, құлдарда бостандық болмады. Басқаша айтқанда, біреулердің бостандығы екіншісін одан айырудың арқасында ғана мүмкіндік алды. Шындап келгенде, мұндай бостандық басқалардың бостандығын жаншудың жамылғысы еді. Сондықтан олардың бостандығы ұзаққа бармады.
Бостандықтың үшінші сатысы – герман халықтарының арасында христиан дінінің таралуынан басталады. Әлемдік Рух Германия шекарасын өткеннен бастап өзін үйдегідей сезінді. Себебі Германияда адам бостандықтан бостандыққа ие, ал рухтың бостандығы оның табиғатының негізгі қасиеті болып саналады деген қағида мойындалады. Бірақ дейді Гегель, бұл басты қағида әзірше сана арқылы түсінілуде, ал оны жүзеге асыру тарих деп аталатын ұзақ уақытты талап етеді. Сайып келгенде, Гегельдің түсінігінше, тарих «кездейсоқтықтың құрбаны» емес, оны таза ақыл-ойда болған белгілі бір жоспармен әлемдік рух басқарады. Осыдан келіп, философияның негізгі міндеті – осы жоспарды біліп, тарихтың ішкі логикасын анықтау. Ұлы жеке тұлғалар өз уақытының жасырын шындығын алғашқылардың бірі болып, білгендіктердің арқасында ұлы болады. Ал халық жүйеленбеген қара тобыр. Ол өз мақсатын, мәнін тек мемлекетте ғана табады. Мемлекет – «Құдайдың қоғамдық әлемдегі іс-қимылы», саналы түрде жүзеге асатын Рух. Басқаша айтсақ, «таза ақыл-ой» өзін қоғамда мемлекет арқылы жүзеге асырады. Сондықтан мемлекет – «бостандылықтың нақтылығы», өзін-өзі қалайтын бостандық. Адамның құндылығы, оның барлық рухани нақтылығы тек мемлекетке байланысты ғана өмір сүреді.
Адам өмірі өз билігінде емес, себебі ол мемлекет меншігі, сондықтан мемлекет кез келген уақытта оның өмірін өзіне қайырып ала алады. Мемлекет түрлерінің ішіндегі құндысы – конституциялық монархия. Монархия – ұлт бірлігінің  символы, халықтың ерік-жігерінің бейнесі. Мемлекетті билеуде монархтың жеке басының қасиеттері ешқандай рөл атқармайды. Одан гөрі, көптеген көмекші шенеуніктерге сүйенген бюрократиялық сатылап басқару тәсілінің дұрыс істеп тұрғаны әлдеқайда маңыздырақ. Осы тұрғыдан алғанда, Гегельдің бұл ілімі жалпы тоталитарлық басқару жүйесінің қалыптасуына тікелей әсер етті ме деп қаласың. Гегель бостандығы дегеніміз – жеке меншіктің бостандығы. Меншіктің мөлшері – жеке тұлға өлшемінің куәсі, оның еңбегінің, талантының салдары. Сондықтан меншікті теңестіруге болмайды. Жеке меншік міндетті түрде «аластату» сияқты қоғамдық құбылысты тудырады, оны біз Германияда қалыптасқан қоғамда өздері өсірген тұқымдарына, тіккен маталарына, салған суреттеріне ие бола алмай, билік жүргізе алмай жүрген шаруалардан, жұмысшылар мен суретшілерден көре аламыз. Олай болатын себебі – олардың өздері шығарған өнімдері билік-төстейтіндердің меншігі».
Мұндай тығырықтан шығуға бола ма? Гегельдің пікірінше, бостандыққа ие болу да, қаналу да әр адамның, халықтың ерік-жігеріне байланысты. Егер олар бостандық үшін күреске шығып, өз құқығын қорғауға ұмтылса – ол өз еріктері. Жалпы алғанда, философ тек әлемдік Рухтың ішкі логикасының қозғалысын ғана танып-білуге тырысады, ол ешқандай да тығырықтан шығу жолын көрсетпейді.
Гегельдің ілімі ХІХ-ХХ ғасырлар философиясына үлкен әсер етіп, осы кезеңге дейін өз маңызын жойған емес.

 
Философиялық афоризмдер:
Өз еркі жоқ адамға басқалар да бодан болып көрінеді.
* * *
 Адамның ісі қандай болса, өзі де сондай.
* * *
Білімділіктің ең басты факторы туған тілінде сөйлеу мен оны сыйлаудан басталады.
* * *
Махаббаттың шын мәні өз басыңның қамын ойлаудан бас тартуда, сол арқылы өзіңді-өзің билеуде.

баспаға әзірлеген                                           

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі                   

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (13/05/2024)
Просмотров: 35 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: