Пәлсапа пернелері

ИОГАНН ГОТЛИБ ФИХТЕ

(19 мамыр 1762 ж., Бишофсверда – 27 қаңтар 1814 ж., Берлин)

Философиялық шығармалары:

Фихтенің «практикалық философиясының» (этика, құқық және мемлекет туралы ілім, т.б.) негізгі ұғымы – «бостандық» ұғымы. Ол «бостандық» ұғымын «қажеттілік» ұғымына қарсы қою арқылы түсіндіруге тырысады. 
Спиноза сияқты, Фихте де адам жігері – оның қандай да болмасын рухани іәрекеті себептілікке бағынады деп есептеген. Бірақ осындай жалпыға бірдей қажеттілік бостандықтың болу мүмкіндігін жоққа шығармайды. Ал бостандық дегеніміз – қажеттілікті жою емес, керісінше, жеке адамдардың, адамзаттың заңдар мен мақсаттарға өз еркімен бағынуы. Басқаша айтқанда, бостандық дегеніміз – қажеттілікті танып-білуге негізделген іс-әрекет. Өнегелілік және құқықтық мәселелерге тоқтала келе, Фихте этиканы адамның ішкі дүниесіне бағытталған бостандық деп, ал құқықты адамдар арасындағы сыртқы қатынастарды реттейтін әлеуметтік құбылыс деп санайды. Демек, құқық әділеттілік заңдарына емес, адамдар арасындағы өзара қатынастарға сүйенеді. Ал өзара қатынастардың, келісімдердің негізі болып қоғамда үстемдік етіп тұрған заңдарға әркімнің бағынуы саналады.

 
Философиялық көзқарастары:
Фихте мемлекеттік билікті бөлу идеясын қолдамайды. Жалпы адамзат меншік иелері және меншігі жоқтар болып екіге бөлінеді. Мемлекет дегеніміз – меншік иелерінің ұйымы. Демек, мемлекет азаматтардан басқалардың құқығын мойындауды талап ету үшін, өзінің олардың әрқайсысын меншік иесіне айналдыратындай ұйымдастыру қабілеті болуы керек. Кейінгі еібектерінде Фихте мемлекет пен құқықты адамзаттың әдепті өмір сүруінің бастапқы, бірақ қажетті даму сатысы екенін, ал қоғамда әдептілік заңдары толық жеңгенде, құқық пен мемлекеттің керегі болмайтыны жайлы пікір айтады. Фихтенің осы пікірлері өзінен кейінгі ойшылдарға үлкен әсер етті.
Иоганн Готлив Фихте – И.Канттың шәкірті. Оның басты еңбегі – «Әрқилы жаңалықты сынау тәжірибесі». Ол субъективтік идеалист. Фихтенің пікірінше, нақты өмір сүретін тек біздің санамыз. Материалдық дүние, болмыс, табиғат тек біздің санамызда, біздің сезімімзде, елесімізде, ұғымымызда болады. Оның пікірінше, практикалық істен сана бұрын басталады. Сана іштен туады. Фихтенің тағы бір пікірі – дөңгелектер туралы ілім. Қандай да бір шындық болмасын, ол «меннің» жемісі дейді философ. Бірақ «меннің» екә түрі бар: жекелік «мен» және абсолюттік «мен». Бұл екеуі тығыз байланыста. Егер «мен» «мен емеске» бағынышсыз болса, онда субъект теориялық болады да, ал егер керісінше болса, онда ол практикалық болады. Ал 1800 жылдан кейін ол «мен еместі» «менге» біржолата бағындырады. Сондықтан ол И.Кантты, яғни «мен еместі», былайша айтқанда, санадан тыс «өзіндік затты» мойындағаны үшін сынады. Идеалистік бағыттың өкілі Ф.Шеллингке Фихтенің әсері зор болды. Бірақ ол Фихтеден бас тартты.

 
Философиялық афоризмі:
Барлығын еркін еткісі келген адам ғана ерікті.

баспаға әзірлеген                                           

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (23/04/2024)
Просмотров: 45 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: