Пәлсапа пернелері

ГАБРИЭЛЬ БОННО ДЕ МАБЛИ

(14 наурыз 1709 ж., Гренобль – 2 сәуір 1785 ж., Париж)

Аббат, философ, жазушы, тарихшы, француз ағартушысы және әлеуметтік-утопистік бағыттың көрнекті өкілі. Мабли Кондильяктің ағасы және Д’Аламбердің туысы болып келеді.  

                                                                        

Философиялық шығармалары:

«Еуропаның қоғамдық құқығы» (1748), «Азаматтың құқықтары мен міндеттері туралы» (1758, 1789 ж.), «Моралдың саясатпен байланысы туралы Фоционның әңгімелері» (1763), «Экономист философтарға ұсынылған күмәндар саяси қоғамдардың табиғи және қажетті тәртібі туралы» (1768), «Заң шығару немесе заңдардың принциптері туралы» (1776), «Дипломатия принциптері» (1757), «Тарихты зерттеу туралы» (1783), «О. қоғамдағы құмарлықтың әрекеті мен әсері», «Саяси аурулар туралы және оларды емдеу туралы» және т.б. халықаралық құқық, әлеуметтік-саяси, тарихи еңбектердің авторы.

 

Негізгі ұстанған идеялары:

Материализмді де, деизмді де қабылдамады;

Материалистер, атесистер, деистер қоршаған дүние мен адамға жалаң, механикалық көзқараспес қарайды, ал мораль, рухани дүниеге көңіл бөлмейді;

Декарттың дуалистік метафизикасын қолдады.

 

Әлеуметтік-саяси көзқарастары:

Адам табиғатының өзі оның бірігуіне, қоғамда өмір сүруіне жетелейді;

Философияның басты міндеті мораль мен әдептілікті зерделеу, осы мақсатта мемлекет қолдайтын дін де қызмет етуі тиіс;

Алғашқы қауымдық құрылысты адамзаттың «алтын ғасыры» деп санады;

«Адамзаттың алтын ғасыры», алғашқы қауымдық коммунизмнің жойылуы және қоғамдағы бақытсыздық пен қайшылықтың себебі жеке меншік пен адамдардың тапқа бөлінуі болды;

Бірақ іс жүзінде коммунизм орнамайды, өйткені адам табиғаты солай, ол байи берсем, ала берсем дейді, сондықтан жеке меншік, тапқа бөлінушілік мәңгі, адам өзінің сорлылығынан биік көтеріле алмайды. 

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (25/03/2024)
Просмотров: 41 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: