Пәлсапа пернелері

ЖАН-ЖАК РУССО

(28 маусым 1712 ж., Женева  – 2 шілде 1778ж., Париж маңындағы Эрменонвиль)

Француз жазушысы, ағартушы, ойшыл, композитор.

Ол осы күнге дейін ұстанып отырған, айталық, Швейцариядағы сияқты мемлекеттің халықты басшылыққа алудағы тікелей билік ету формасын қарастырды. Француз ағартушылық ағымының шеңберінен шыға алмаса да, оның негізгі идеяларымен келіспейтіндігін көрсеткен философ-жазушы.  

                                                              

Философиялық шығармалары:

«Теңсіздіктің себептері туралы», «Қоғамдық келісім туралы», «Эмил немесе тәрбие туралы» және т.б.

 

Философиялық көзқарастары:

Егер Вольтер адамзат тарихын оның прогресс пен білімділік үшін күрес тарихы десе, Руссо мәдениеттің прогресімен қатар өнегеліктің құлдырауы сәйкес келіп отырады дейді. Себебі қоғам неғұрлым ары қарай дамыған сайын, теңсіздік тереңдей түседі. Ал теңсіздік өз тарапынан керенаулықтың, жалқаулықтың, тоқмейілсудің қайнар көзі болғандықтан, ол адамгершіліктің, мінез-құлықтың азғындауына әкеп соқтырады.

Теңсіздік мәңгі әлеуметтік құбылыс емес, алғашқы қауымдық қоғамда теңсіздік болмаған, себебі онда меншік болған жоқ, сондықтан барлық мәселе адамгершілік тұрғысынан шешілді. Ал кейінірек өндірістік құралдардың жетілуі және жоғары сатыға көтерілуі жеке меншіктің, ал ол теңсіздіктің пайда болуына себепкер болды.

Әлеуметтік теңсіздікті жоюдың бірден-бір жолы, Руссоның айтуынша, бәсеке бостандығы арқылы адамдардың табиғи құқықтарының (өмір сүруге,ерікті болуға, меншік иесі болуға) қанағаттандырылуына мүмкіндік беретін жағдайлар жасау.

Адам туғанда бас бостандығы бос болып туады, бірақ өз еркімен «қоғамдық келісімге» бой ұрғаннан кейін, олар өздерінің жекелеген жігер-еркін біріккен, «ортақ жігер-ерікке» шоғырландырылады. Сөйтіп, мемлекет пайда болады. Мемлекеттің негізгі міндеті – бейбітшілік пен әділеттілікті сақтау.

Руссоның теңсіздік, «қоғамдық келісім» туралы пікірлері көп елдің саяси, рухани өмірінде мемлекеттік құқық, тәрбие т.б. әлеуметтік құбылыстардың қалыптасуына үлкен әсер етті.  

 

Философиялық афоризмдері:

Ең ұлы жақсылықтар мен игі жеңістер атамекенге деген сүйіспеншіліктің арқасында жасалған.

* * *

Жастық шақ – ерлік жасар кезең.

* * *

Барлық істе дерлік ең қиыны – басталуы.

* * *

Ең зор ізгі ерліктерді Отанға деген сүйіспеншілік туғызған.

* * *

Екі жүзді адамның жау болғанынан да дос болғаны қауіпті.

* * *

Батырлықты ұятсыздықпен және алаңғасарлықпен шатастырмау қажет.

* * *

Адам білмегендіктен адаспайды,

Білгішсінем деп адасады.

* * *

...мелодия тек қана еліктірмейді, ол сөйлейді, оның тілі өткір, от-жалынға толы жай, қарапайым сөзге қарағанда, әлдеқайда күштірек деуге болады.

* * *

Жоғары өкімет билігінің қайнар көзі – қашан да халық қана; халықтың еркінен тыс билік жүргізуге ешкімнің де, ешбір мекеменің де қақы жоқ.

* * *

Адасуға мыңдаған, ақиқатқа – бір ғана жол апарар.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (04/03/2024)
Просмотров: 43 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: