ПОЛЬ АНРИ ГОЛЬБАХ (ПАУЛЬ ДИТРИХ ТИРИ) (8 желтоқсан 1723 ж., Эдельсхайм – 21 маусым 1789 ж., Париж) Неміс ортасынан шыққан француз философы, жазушы, энциклопедист, ағартушы.
Философиялық көзқарастары: Ол табиғатта кездейсоқтық болмайды, табиғат бәрінің себепшісі. Адам табиғаты жағынан не кең пейілді, не іші тар болып тумайды, оны солай ететін объективтік дүние дейді. Сондықтан сол замандағы феодалдық қатынастарды сынға алады. Дүниені материалистік тұрғыдан қарау керек. Табиғаттан тыс рухани күш бар деп сену қиял деп қорытты ол. Сөйтіп Гольбах теология мен идеализмге қарсы шықты. Материя мен қозғалыс мәңгі. «Материяның өмір сүруі, - деп жазды, - ол – факт, қозғалыстың өмір сүруі де дәл осындай – факт». Бірақ ол механикалық детерминизмді жақтады. Мәселен, ол дүние бір жақты дамиды деді. Кездейсоқтықты ол мойындамады. Тағы да ол «фанатиктің өтіндегі удың көбеюі, басқыншының жүрегіндегі қанның қызуы, кейбір монархтың асқазанының қорыта алмауы, кейбір әйелдердің кесапаттығы – соғыс ашуға, миллиондаған адамдарды қырғынға айдап, қамалдарды бұзуға, қалаларды күл-талқан етіп, халықтарды қайыршылық пен қайғыға душар етуге, ашқтық пен жұқпалы ауруларды туғызып, ұзақ ғасырлар бойы түңілу мен жоқшылық көруге себепкер бола алады» деп жазды. «Шындықты тану дегеніміз – табиғатты материалистік тұрғыдан түсіну, - деді Гольбах. Ал «саналық – дегеніміз идея мен заттардың бірлігі» деп жазды ол. Ойлау сезімнен туады деген пікір айтты. Діннің пайда болу себептеріне тоқтала келіп, Гольбах оның себебі надандық деп түсіндірді. «Надандық үрей ауыр тұрмыстағы адамдарды Құдай туралы ойлауға мәжбүр етті» деп жазды. «Қалта құжайшылдығы» деген кітабында Гольбах дін туралы өте өткір сын-пікірлер айтып, схоластиканы сынап, еркін ойдың үлгісін көрсетті. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 43 | |
Всего комментариев: 0 | |