ДЭВИД ЮМ (7 мамыр (ескі стиль бойынша 26 сәуір) 1711 ж., Эдинбург, Шотландия – 25 тамыз 1776 ж., сонда) Шотландтық философ, субъективтік идеалист, тарихшы әрі публицисі, эмпиризм және агностицизм өкілі, шотландтық Ағартушылық бағыттағы ірі қайраткерлердің бірі.
Философиялық шығармалары: «Адма табиғаты туралы трактат» (1740), «Саяси тақырыпқа эссе» (1752), «Таным туралы», «Аффектілер туралы» (1739), «Мораль туралы» (1740), «Адамдық таным туралы ізденіс» (1748), «Мораль принциптері туралы ізденіс» (1751), «Жаратылыстану діні туралы сұхбаттар» (1751), сегіз томбық «Англия тарихы» (1754), «Жаратылыс дінінің тарихы» (1757) және т.б.
Философиялық көзқарастары: Юм ешқандай түпнегізді (субстанцияны) мойындамайды. Себебі ол шын мәніндегі түпнегіз емес, идея ғана. Ал идеяны тудыру үшін объективтік шындықта өздеріне сәйкес келетін заттардың болуы міндет емес. түпнегіз идеясы сезім мүшелері мен тәжірибе арқылы алынған деректерді көбейту, азайту, байланыстыру сияқты ой күшінің қабілеті арқасында қалыптасады. Мысалы, Құдай идеясы адамдарға тән ақыл, данышпандылық, қайырымдылық, көрегендік т.б. сол сияқты қасиеттерді жиынтықтап, оларды адамның өзінен алыстатып, табиғатта жоқ құбылысқа телуінен пайда болған. Ал жан немесе «мен» ұғымы – үздіксіз өзгеріп отыратын «еске алу» мен сезім әсерінің бірлігі. Тәжірибенің өзі, Юмнің түсінігінше, себептері белгісіз және түсінуге болмайтын «әесерлердің үздіксіз қимылы». Ал фактілердің себептері мен салдарын қайталанып қойылған тәжірибе және өз алдына дербестенген «ойлауға әдеттену» арқылы танып-білуге болады. Бұл жерде «ойлауға әдеттену» - өзіне себептілік инстинктінің көмегі арқасында себептілік заңы ретінде өмір сүретін құбылыс. Демек, Юм объективті себептілікті жоққа шығара отырып, сезім «әсерлерінен» туындаған идеяларды субъективті себептілік ретінде мойындайды. Себептілік заңы тек қана жүргізіліп жатқан тәжірибе шеңберінде үстемдік ете алады, ал оны тәжірибелік деректерден трансценденттік идеяларға (құдай, «мәңгі өмір», т.б.) таратуға болмайды. Таным процесінің ең басты мақсаты – тәжірибе арқылы айқындалған табиғи құбылыстардың себептері жиынтықтап, олардан туындайтын көптеген салдарды сан жағынан аз жалпы себептерге бағындыру. Адамдардың іс-әрекетінің негізінде себептілік жатыр. Бұл себептіліктер біздің табиғи қалыптасуларымыз, сұраныстарымыз және құмарлығымыздың негізінде қалыптасады. Ал ақыл-ой себептіліктің негізі бола алмайды, демек, ол ешқандай іс-әрекет туғызбайды. Ол тек қана ақиқат пен жалғандық, табиғилық пен жасандылық туралы ой сараптап, олардың орталарын ажырата білуге үйретеді. Юм – осы уақытқа дейін айтып келендей «агностик», «скептик» емес, биологиялық-антропологиялық тұрғыдан философиялық-рационалистік бағытқа қарсы шыққан реалист.
Басты идеялары: Болмыс пен рух қатынасы мәселесінің шешімі жоқ. Адам санасы идеяға бейімделген. Тәжірибелік таным негізі – қабылдау. Таным процесінде біз түйсіктің қайнар көзімен емес, оның мазмұнымен кездесеміз, сондықтан біз дүниенің объективті бар немесе жоқ екенін нақты дәлелдей алмаймыз. Адамның өзі шоғырланған идея (адам өмірі дегеніміз оның идеалды күштері – тәжірибе, білім, сезімдерінің өсу процесі). Адам екі идеалды бастамадан тұрады: «сыртқы тәжірибемен әсерлену», яғни қабылданған білім мен тәжірибе; «ішкі тәжірибемен әсерлену», яғни аффектер, құлшыныстар. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 47 | |
Всего комментариев: 0 | |