ДЖОРДЖ БЕРКЛИ (12 наурыз 1685 ж., Томастаун, Килкенни графтігі, Ирландия – 12 қаңтар 1753 ж.) Ағылшын философы, епископ, субъективтік идеализм өкілі, өзінің спиритуалистік философиядағы жүйесімен танымал; Ирландиядағы Клойндық епископ.
Философиялық шығармалары: «Адам білімінің принциптері туралы трактат», «Танымның бастамасы туралы трактат», «Жаңа теория тәжірибесі», Алсифрон, Сейрис және т.б.
Философиялық көзқарастары: Берклидің ілімі бойынша, «жалпы материя» деген бос сөз. «Үшбұрыш» деген жалпы ұғымның дүниеде болмайтыны сияқты «жалпы материя» да болмайды. Ал жеке материалдық денелер Құдайдың ойында идея ретінде өмір сүреді. Олай болса, шынайы өмір сүретін заттар емес, рухтың, жанның және «меннің» түп негіздері. Адамдар үшін нағыз объективтік шындық – біздің санамыздағы құдіреттің белгісі – «еске алу». Демек, жеке денелердің өмір сүруі дегеніміз – олардың түйсіктер арқылы қабылдануы арқасында «меннің» идеяларына айнала алуы. Қозғалыс деп жүргеніміз – Құдайдың үздіксіз белсенділігі. Кеңістік пен уақыт та – сезімдік «еске алудың» бір түрлері. Мысалы, уақыт – түйсіктердің бірінің соңынан бірінің ауысып отыру дәйектілігі. «Меннің» жойылуымен бірге бұл аталған құбылыстар мен денелердің жойылмайтын себептері – өзіндік «меннен» басқа «бөтен мендердің» болуы. Таным процесінде Беркли басты рольді «тікелей сезімге» береді. Ол – сезімдік тәжірибенің нәтижесі, ал сезімдік тәжірибенің өзі санамыздағы құдіреттің белгісі – «еске алудың» жиынтығы. Демек, біздің танып-біліп жүргеніміз нақты денелердің өзі емес, түйсіктердің жиынтығы ғана екен.
Басты идеялары: Материя ұғымының өзі жалған. Идея дегеніміз тек түйсіктер Бар болу идеясы – қабылдау қабілеті. Жеке заттар, жеке түйсіктер бар, бірақ бірыңғай материя атымен жоқ. Материализм – философияны тұйыққа апаратын бағыт, материалистер идеяға қатынаста алынатын жеке заттардың алғашқылығын дәлелдей алмайды. Керісінше, идеяның алғашқылығын дәлелдеу оңай кез-келген затты жасау алдында, ол алғашқыда адам ойында болады, сол сияқты жасампаз Құдай санасында бүкіл қоршаған дүние бейнеленген. Ең айқын шындық – адам санасы. Адам өлген соң оның санасы да, жаны да жоғалады. Идеяның алғашқы болуының бірден бір дәлелі – Құдайдың барлығы. Құдай мәңгі, өлмейді; ал дүние тұрақсыз, Құдайға тәуелді.
Философиялық афоризмі: Шынайы ақпарат кез келген тексеруден қысылмай-қымтырылмай өтеді. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 43 | |
Всего комментариев: 0 | |