ГОТФРИД ВИЛЬГЕЛЬМ ФОН ЛЕЙБНИЦ (21 маусым (1 шілде) 1646 ж., Лейпциг, Германия – 14 қараша 1716 ж., Ганновер, Германи) Неміс философы, математик, заңгер-юрист, дипломат. Ол дифференциалдық және интегралдық теңдеулерді ойлап тапты. 1666 жылы құқытан диссертациялық жұмысын қорғайды, 1668-1672 жылдары Парижде дипломатиялық қызметте болады. Декарт, Паскаль шығармаларымен кеңінен танысады. Ньютон, Левенгук жаңалықтарын тереңірек талдайды. Берлинде ғылыми қоғам (1670) құрады, неміс Академиясының президенті болып, Лондон мен париж академиясының мүшелігіне сайланады, Санкт-Петербор академиясының негізін қалауға атсалысады. Идеалистердің басты өкілі – Готфрид Вильгельм Лейбниц І Петрмен үш рет кезедсіп, Ресейге білім берудің, мемлекеттік басқарудың жобаларын жасап берген.
Философиялық шығармалары: «Метафизика туралы ойлар» (1686), «Адам парасаты туралы жаңа тәжірибелер» (1705), «Теодицея» (Париж, 1710), «Монадология» (1714, тек 19-ғасырда жарық көреді), т.б. Монада туралы ілім – Монадологияның негізін салды (монада гр.т. ауд – «бір», «тұтастық» деген сөзін білдіреді). Лейбниц барлық заттарға күш беретін, оларды қозғайтын рухани күш – монада, яғни рухани атом деген пікірді негіздеді. Әрбір жеке монада – әрі жан, әрі дене дейді. Сана – монаданың сыртқы көрінісі. Ол логикаға математика символдарын енгізуді ұсынды, соның ішінде бастыларының бірі – математикалық модель. Сондай-ақ ол формальды логиканың төртінші заңы – жеткілікті негіз заңын ашты. Лейбництің ілімі бойынша, құдай өзінің ішкі даму заңдылығына сәйкес түпнегіздерді (субстанция) дүниеге келтірді. Ал барлық мәнділіктердің, соның ішінде материяның да, түпнегізі – ұсақ денелі, шамалы болса да, саналы моданалар. Олар табиғаттың нағыз атомдары. Монаданың негізгі қасиеттері: біріншіден, барлық мәнділіктің түпнегізі ретінде ол қарапайым және бөлінбейді, екіншіден, олардың өз алдына бөлек және әрекетшіл мүмкіндігі бар. Монадалар кеңістікке көсілмейді. Олай болса, монадалар физикалық немесе геометриялық тұрғыдан қарастыратындай денелер қатарына жатпайды, олар тек «философиялық нүкте» ғана, басқаша айтқанда, әрекетшіл күштің түпнегізі. Монадалар табиғи жолмен жоғалмайды, өшпейді, бірақ басқа күштің (Құдайдың) әсерімен пайда болуы да, өшуі де мүмкін. Алғашқы монада – Құдай, ал қалғандары – оның сәулелері. Біздің денелер, заттар, құбылыстар деп жүргеніміз – шындығында монадалар жиынтығы, ал кеңістік пен уақыт – монадалар күшінің көрінісі. Монадалар күшінің әрекеттілігі оның «еске алу» қабілетінде жинақталған. Монадалардың әртүрлілігі олардың «еске алу» қабілеттерінің әртүрлілігіне байланысты. Монадалар өздерінің «еске алу» қабілеттерінің даму сатыларына қарай бірнеше түрлерге бөлінеді: біріншіден, «еске алу» қабілеті бейсаналық күйіндегі қарапайым, ұйқыда жатқан монадалар, оларға минералдар мен өсімдіктер жатады. Екіншіден, «Еске алу» қабілеті түйсіктер мен ес күйіне айналған, жанданған монадалар, оларға жануарлар жатады. Үшіншіден, «Еске алу» қабілеттері айқын да анық рухқа, жанға айналған монадалар, олар – адамның жандары. Төртіншіден, шын мәнінде саналы, объективті «еске алу» қабілеті бар монада – Құдай. Әр монаданың «еске алу» қабілетінің даму заңдылығы тек өзімен шектеледі. Басқаша айтқанда, еш нәрсе оған сырттан кірмейді және одан сыртқа шықпайды. Мысалы, минералдар мен өсімдіктер жануарларға, жануарлар адамға, ал адам Құдайға айнала алмайды, әрқайсысы өз деңгейінде қалады. Лейбництің таным процесі туралы іліміне келсек, ол сезімдік түйсіну мен рационалдық танымдардың өзара қатынасын екі түрлі ақиқаттың табиғатын айқындаудан шығарады. Бірінші түрі ақыл-ой ақиқаты немесе кездейсоқтық ақиқаты деп аталады. Бірінші түрлі ақиқат деп логика мен математиканың қағидалары. Оларды сезімдік түйсіну арқылы танып-білуге, дұрыстығын дәлелдеуге болмайды. Сондықтан бұл ақиқатқа жетудің бірден-бір жолы – Аристотельдің логикалық заңдарына сүйеніп танып-білу. Ал фактілер ақиқатына келер болсақ, олар табиғатынан кездейсоқтық мәнде болатындықтан, оларды аталған логика заңдары арқылы түсіндіріп білу өте қиын, сондықтан олардың дұрыстығын, ақиқаттығын дәлелдеу үшін «жеткілікті негіздеу» заңын қолдану керек. Сөйтіп, Лейбниц логиканың төртінші заңын ашты.
Философиялық көзқарастары: Лейбництің адам және қоғам туралы пікірлері өзіндік ерекшелігімен көрінеді. Оның пікірінше, «Мен» («жеке тұлға») – модус емес, өз алдына бөлек монада. Сондықтан да ол – қайталанбайтын, дараланған, өзіндік қасиеті бар адам. Бірақ «жеке адам» өзін тек тұтастықпен байланысты екенін түсінеді. Сөйтіп, әрбір жеке адам өз алдына бөлек, белсенді және ерікті түрде өз мүддесімен сәйкес келетін қоғам (тұтастық) мүддесіне қызмет етеді. Ал қоғам (тұтастық) болса, ол – монад-адамдардың біріккен «хоры», онда жеке адамдар өзінің ерекше қасиеттерін дамыту арқылы басқалардың игілігін дамытады, сөйтіп қоғамның өркендеуіне өз үлесін қосады. Лейбництің ілімі Дидроның, Робинэнің, неміс классикалық философиясының қалыптасуына зор әсер етті. Әсіресе, олар Лейбництің монадалардың әмбебаптық байланысы, олардың өзара бір-біріне ауысуы, т.б. идеяларын әрі қарай дамытып, өзіндік ерекшеліктері бар философиялық қағидаларды дүниеге әкелді.
Философиялық афоризмдері: Өзінің қалаған қадамын жасай алатын еркіндік әр адамның бойында бар. * * * Моральдік қажеттіліктер еркіндіктің аяғын көп тұсай қоймайды. * * * Мен өз дұшпанымнан бір нәрсе біліп алатыныма сенімді болсам, оны тыңдау үшін жиырма миль жерге дейін еріп баруға ерінбес едім. * * * Ақылдыларға қажеттіден артық күш жұмсамау тән. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 42 | |
Всего комментариев: 0 | |