Пәлсапа пернелері

БЕНЕДИКТ (БАРУХ) СПИНОЗА

(24 қараша 1632 ж., Амстердам – 21 ақпан 1677 ж., Гаага)

Философиялық көзқарастары:

Жалпы алғанда, таным процесі үш сатыдан тұрады: біріншісі – сезімдік таным. Бұл сатыда біз шынайы білім ала алмаймыз, себебі түйсіктер арқылы алған ақпараттар көп жағдайларда көңіл-күйге байланысты болады. Екіншісі – рационалдық таным, басқаша айтқанда, ақыл-ой арқылы келетін таным. Танымның бұл сатысында да біз ақиқатқа жете алмаймыз. Үшіншісі – интуиция немесе заттар мен құбылыстардың мәнін іштей түсіну. Бұл сатыда заттардың мәнін түсініп-білу арқылы, олардың түпнегізін (Құдайды) білуге мүмкіндік аламыз.

Сөйтіп, Құдайдың (түпнегіздің, табиғаттың, әлемнің) мәнін, мазмұнын, табиғатын түсіну тек математикалық тәсілді қолданған ғылымдардың ісі, ал дінге келетін болсақ, оның Құдай туралы айтқан пікірлері қате. Жалпы алғанда, діннің шығуына екі түрлі себептер әсер еткен. Олар: біріншіден, адамдардың табиғаттың өзінен табиғаттағы құбылыстардың себептерін түсіндіре алмауы және екіншіден, олардың табиғаттың дүлей күштерінің алдындағы қорқынышы.

Бірақ, спинозаның пікірінше, дін халықты уыстан шығармай ұстап тұру және қоғамда тәртіп орнату үшін қажет.

Спиноза ілімінің атеистік идеялары XVIII ғасырдағы француз ағартушыларының еңбектерінде өз жалғасын тапса, оның дедуктивтік тәсілі мен таным процесіндегі кейбір соңғы идеялары (интуиция, т.б.) Шеллингтің, Канттың, Гегельдің философияларында даму үстінде болды.

 

Философиялық афоризмдері:

Күнделікті өмірімізде кездесетіннің бәрі де өтеді-кетеді...

* * *

Уақытында істеу – уақыттан ұту деген сөз. Де кезінде жасалмағанның бәрі желге ұшады.

* * *

Күнделікті өмірде кездесетіннің бәрі өткінші әрі мәнсіз.

* * *

Жалған деп жүргеніңнің ақиқатқа айналуы да жиі кездеседі.

* * *

Егер кімде-кім бәрін заңмен реттеймін десе, ол жөнсіздіктерді жоюдың орнына көбейтіп алуы ықтимал.

* * *

Надандық – аргумент емес.

* * *

Түсіну – келісушіліктің басы.

* * *

Нәрсе көпшіліктің оны мойындамағанынан ақиқат болмай қалмайды.

* * *

Мүлтіксіз әділдік ең ізгі адамдарда ғана кездеседі. Тіпті өзін шыншыл санайтын адамдардың өздері күн сайын түрлі асырып-жасырып айтумен күнәға батады. Асырып айту әркімде дерлік кездесетін қасиет.

* * *

Бақыттың да, бақытсыздықтың да түбірі бірі, атап айтқанда, өзіміздің қатты ұнататын нәрсемізде болғандықтан зұлымдық пайда болған.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (10/12/2023)
Просмотров: 53 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: