ЖАН КАЛЬВИН (10 шілде 1509 ж. – 27 мамыр 1564 ж.) Француз Құдай-сөзінің білгірі (богослов), шіркеу реформаторы, кальвинизмнің негізін қалаушы. Мартин Лютердің ізбасары, оның идеяларын бір жүйеге келтіріп жалғастырушы.
Философиялық шығармалары: «Христиандық пәлсапа жайында» (1533), «Жандардың түсі» (1534), «катехизис» (1537), «Римдіктерге жолдау» (1539) және т.б.
Негізгі иедялары: Протестантизм иедясының негізі – алдын ала білу (жазмыш, тағдыр) идеясы; Құдай адамдарды құтқаратынын немесе құтқармайтынын алдын ала анықтап қойған; Адамдар өздерінің құтқарылатынынан үмітін үзбеу керек; Адамның жер бетіндегі өмірінің мәні – кәсіпке (мамандыққа) ие болу, Кәсіп (профессия) – бұл тек күнкөріс қана емес, сонымен қатар ол Құдайға құлшылық ету орны; Өз ісіне ынтамен, жауапкершілікпен қарау – құтылудың жолы; Жұмысындағы жетістік – Құдайдың мейірімінің белгісі; Жұмыстан тыс жерде қарапайым, аскет бол.
Діни-саяси көзқарастары: Кальвин Лютердің идеяларын бір жүйеге келтірумен әрі өзінің теориялық діни-философиялық ілімімен бірге протестантизмді практикада, іс жүзінде жүзеге асырды; Женевада протестандық қозғалысты басқарды; Женевада католиктік Шіркеу мен Рим Папасының билігін (Кальвиннің өзі «Женевалық Папа» деген атқа ие болды) жойды, реформаланған (кальвинистік) Шіркеуді ресми түрде мойындаттырды; Зайырлы билікті кальвинистік Шіркеуге бағындырды; Тек Шіркеуге ғана емес, сонымен бірге қалада да реформа жүргізді: католиктік мерекелерге, ырымдарға, жылтырақ киінуге, думан-сауыққа, әшекей-бұйымдарға тыйым салды; аззатрды аскетизм, пуританизм, өз жұмысына ұқыпты қарау рухында тәрбиелеу мақсатымен тұрғындарға қатаң пасторлық бақылау қойды. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 50 | |
Всего комментариев: 0 | |