МАРТИН ЛЮТЕР (10 қараша 1483 ж., Айсбелен, Саксония – 18 ақпан 1546 ж., сонда) Неміс ойшылы және қоғам қайраткері, Германиядағы бюргерлік реформалаудың басшысы (алғаш рет Библияны неміс тіліне аударған), немістің протестантизмнің (лютерандық) негізін салушы, жалпы немістік әдеби тілді құрастырушылардың бірі әрі теология докторы. Ол 1517 жылы 31 қазанда Германиядағы Виттенбергтік замоктың шіркеу есігіне индульгенцияға қарсы бағытталған 95 – тезисті қағып қойды. Бұл католицизмге қарсы идеологиялық, тіпті кейбір елдерде қарулы күреске бағытталды.
Философиялық шығармалары: «Римдіктерге Жолдау туралы лекциялар» (1515-1516), «Индульгенция жайлы 95 тезис» (1517), «Неміс ұлтының христиандық дворяндығына» (1520), «Шіркеулерді бабылдық шырмаулар жөнінде» (1520), «Мюльпфортқа хат» (1520), «Арыстан-Х папаға ашық хат» (1520), «Христианның бостандығы туралы» ( 1520), «Антұрған булла Антихристке қарсылық», «Еркіндіктің құлдығы хақында» (1525), «Үлкен және шағын Катехизис» (1529), «Музыкаға мадақ» (1538), «Еврейлер мен олардың жалғаны жайында» (1543) және т.б.
Философиялық көзқарастары: Лютерге XVI ғасырдағы мистиктердің идеялары жақын; «адамның ішкі жан дүниесінің» құдаймен бірлігі туралы» ілімді Лютер «сеніммен ақтау» іліміне аударған: бірлік – сенімі, рухты сақтаудың шарты; игі істер – сақтануға жеткілікті жол емес, тек сенімді көрсетудің жемісі ғана деп санаған.
Негізгі идеялары: Құдай мен сенушілердің қауышуы тікелей өтуі керек; Құдай мен сенушілер арасында католиктік шіркеу сияқты дәнекер болмау керек; Діни ырымды азайту (жеңілдету) керек; Шәркеу демократиялы, ал ырымдар – адамға түсінікті болуы керек; Рим папасы мен католиктік діндарлардың мемлекет саясатына ықпалын азайту керек; Мемлекеттік институттар мен зайырлы биліктің беделін көтеру керек; Құдайға құлшылық ету ісі – дін иелері иемденіп алған тек кәсіп қана емес, ол христиандардың бүкіл өмірлерінің уәзипасы; Мәдениет пен білім ошағын католиктік догмалардан тазарту керек. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 50 | |
Всего комментариев: 0 | |