ДЖОРДАНО (ФИЛИППО) БРУНО (1548 ж., Неаполь маңындағы Нола – 17 ақпан 1600 ж., Рим) Итальяндық доминикандық монах, философ әрі ақын, пантеизм өкілі.
Философиялық шығармалары: «6-диалог», «Идеялардың көлеңкесі туралы», «Себептілік, бастама және біртұтастық туралы», «әлемнің және заттардың шексіздігі туралы» және т.б. да еңбектері кейінгі дәуірлерде өз жақтастарын, пікірлестерін тауып, өзінің заңды жалғасын тапты.
Философиялық көзқарастары: Бруноның пікірінше, табиғаттан тыс ешқандай күш жоқ. Ол кеңістікте де, уақытта да шексіз, ал қозғалыс оның өмір сүру тәсілі. Табиғат өз заңдылығымен дамиды. Әлем мен Құдай бір. Әлем – универсум (әмбебап бастама), жалғыз ғана мәнділік. Сондықтан ол мәңгі және өзгермейді. Ал әлемге кіретін денелер сансыз көп, олар үздіксіз қарапайым және өзгерісте болады. Барлық заттар өшпейтін, мәңгі, қозғалыста, бөлшектерден тұрады. Оларды Бруно монада деп атайды. Монаданың материалдық денелерге ғана емес, психикаға да қатысы бар. Ал психикалық құбылыс барлық заттарға тән болғандықтан, әлемде жансыз денелер жоқ. Осыдан келіп, Бурно әлемде шексіз және сансыз көп тіршілік түрлері болуы әбден ықтимал деген тұжырым жасайды. Бруноның көқарасынан жүйеленген түрде қолданылған Демокрит пен Гераклит ілімдерінің ықпалын байқаймыз. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 52 | |
Всего комментариев: 0 | |